«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мемлекеттік тапсырыстан қағыла жаздады

2016 жылғы 21 Шілде
- Жамбыл облысы
5684 просмотров

Медициналық техникаларға қызмет көрсету жөніндегі мемлекеттік сатып алуда жеңімпаз атанған компанияға әр жабдықтың жеке сертификаты болу керек деген негізсіз талап қойылған

Бизнесмен өз құқықтарын қорғау үшін Кәсіпкерлер палатасына жүгінді.

«Medcom Service» ЖШС наурыз айында «Жамбыл облыстық қан орталығы» ШЖҚ МКК-мен (Шаруашылық жүргізу құқығындағы Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын ) медициналық техникаларға техникалық қызмет көрсетуге арналған мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жасаған. Алайда Қан орталығы басшылығы кейіннен ЖШС-ны сотқа беріп, оны «медициналық техниканы өндірушіден техникалық қолдау жасау құқына арналған құжат алып келуге» міндеттеген.

Бұл талаптар конкурстық құжаттама шарттарында көрсетілмеген еді, сонымен қатар тараптар арасындағы келісімшартта да жазылмады.

Сайып келгенде, «Medcom Service» ЖШС қызметкерлерінің оқу және біліктілікті арттыру курстарынан өткені жайлы куәліктері бар. Компания техникалық қызмет жүргізуге арналған барлық қажетті сертификаттары бар «AUM+» ЖШС-мен де шарт жасасқан.

Сотта кәсіпкердің мүддесін Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Берік Мырзахметов қорғады. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот Жамбыл облыстық Қан орталығының «Medcom Service» ЖШС-на қойған талаптарын негізсіз деп таныды.

«Бүгінгі қысылтаяң экономикалық жағдайда кәсіпкерлерді қолдауға тырысудамыз. Мысалы, Кәсіпкерлер палатасы отандық кәсіпкерлерді қолдау үшін сатып алу саласындағы жұмыс комиссиялары құрамына кіреді. Жамбылдық мекемелердің медициналық жабдықты жөндеумен айналысатын жергілікті компанияларды қолдамай, ойдан шығарылған негізсіз талаптар қоюы, өз құқықтарын сотта қорғауға мәжбүрлеуі әрине өкінішті», – дейді Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Қайрат Сыдықов. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер