«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнес ардагерлерді есінде ұстайды

2015 жылғы 02 Шілде
- Жамбыл облысы
12347 просмотров

Жамбыл облысында «Altais Group» ЖШС ҰОС ардагерінің жесірі, тыл еңбеккері Софья Бейсованың үйін жөндеуге көмек көрсетті

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бастамалаған «Ұрпақтар алғысы» қайырымдылық жобасының аясында «жедел желі» ашылған болатын. Ардагерлер немесе олардың туыстары желіге қоңырау шалып, түйткілдерін айтып, көмек сұрай алатын еді. Тараз тұрғыны Қыздаркүл Бейсова осы мүмкіндікті пайдаланбақшы болды. Ол енесі – 89 жастағы Софья Бейсованың үйін жөндеуге көмектесуді сұрады. Хабарлама Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасына беріліп, көмек туралы шақыруға «Altais Group» ЖШС директоры, Жамбыл облысы ӨКП Өңірлік Кеңесінің мүшесі Әлімбек Жұмабаев бірден жауап қатты.

Софья Тілеуқұлқызы Бейсова бүгінде шағын ғана «хрущевкада» тұрып жатыр. Бар өмірін педагогикаға арнаған – 50-жылдан астам уақыт бойы Луговой ауданы Ақыртөбе ауылында қазақ тілінің мұғалімі болып қызмет еткен. Жолдасы Баяхмет Бейсов соғыс жылдары танк дивизиясында борышын атқарған, Брест үшін шайқасқа қатысқан, көптеген марапаттар иесі. Жолдасымен бірге мектепте еңбек еткен. Ол балаларға тарих пәнінен сабақ берді.

Олар бірге төрт баланы өсіріп-жетілдірген екен. Бүгінде Софья Тілеуқұлқызының мақтанарлық дүниесі баршылық – 12 немере мен 20 шөбере тәрбиелеп отыр.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын тойлап отырған жылы еңбеккер бизнестің үйін жөндеп беруі сұрады. Өңірдегі ірі компания «Altais Group» ЖШС өз қаражатына 50 жылдан бері тұрған ескі екі қабатты жеті пәтерлі тұрғын үйдің қасбетін күрделі жөндеуден өткізді.  

«Altais Group» ЖШС директоры Әлімбек Жұмабаев пен Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасына көрсеткен көмегі үшін үлкен алғыс айтамыз», - дейді Софья Тілеуқұлқызының туыстары.

«Біз аса құрметті ардагерлерімізге көмек көрсетуге үнемі дайынбыз, - деп атады Әлімбек Жұмабаев. – Бұл аспанымызды ашық қылған жандарға білдірген алғысымыздың кішкене ғана бөлігі».


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер