«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жетекшілер еңбегі еш болмайды

2015 жылғы 03 Шілде
- Жамбыл облысы
11063 просмотров

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасымен бірге Тараз химия-технологиялық колледжін корпоративтік басқаруға алған «Қазфосфат» ЖШС осындай шешім қабылдады

Тараптар алғашқы педагогикалық кеңесте корпоративтік басқарудың басты мәселелерін талқыға салды.

Бүгінде колледжді алқалық басқару формасы педагогикалық кеңес болып табылады. Оның құрамына шарт жасасқан тараптар өкілдері кіреді. Қатысушылар алғашқы педкеңес үстінде корпоративтік шартты жүзеге асыру Жоспарын орындау және алғаш ұшырасқан қиындықтар туралы сөз қылды.

Тәлімгерлер жұмысына материалдық сыйақы ұсыну мәселесі кәсіптік және техникалық білім беру мекемелері үшін де, кәсіпорын үшін де үнемі салмақты түйткіл болып табылады. Үстіміздегі жылдың наурыз айында Тараз химия-технологиялық колледжімен корпоративтік басқару туралы Шарт жасасқан «Қазфосфат» ЖШС өз шешімін ұсынды. Компанияның бас директоры Мұқаш Ескендіровтың өкімімен кәсіпорыннан студенттерге бекітілген бес тәлімгер осы жұмыс үшін төлем алатын болады. Сонымен қатар, Жамбыл өңірінің химия компаниясы білім алушыларды тамақтандыру бойынша, сонымен қатар іс-тәжірибеден өту кезінде толықтай киіндіру бойынша шығынды өз мойнына алды. 

«ӨКП-мен бірге жыл соңына дейін кәсіпорын базасында 13 өндірістік оқыту шебері мен арнайы пәндер оқытушыларының машықтандырудан өтуі жоспарланып отыр», - деп атады Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Бағила Абдулдаева.

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының ұсынысымен педкеңесте «Химия технологиясы және өндіріс», «Автоматтандыру және басқару», «Өнеркәсіптегі электр механикалық жабдық» және «Слесарь ісі» сияқты мамандықтар бойынша 2015-2016 оқу жылынан бастап дуалды оқыту жүйесін енгізу туралы шешім талқыланып, қабылданды.

Педкеңес қатысушылары сонымен қатар онлайн-режимде студенттерді тестілеуді өткізіп тұруға мүмкіндік беретін бағдарлама құру қажеттігі туралы ойға келді. Бұл білім сапасына мониторинг жүргізіп, қажет болған жағдайда мамандықтар бойынша жұмыс оқу жоспарларына түзетулер жасауға мүмкіндік береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер