«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Келу, көру және жұмыс істеуге қалу

2015 жылғы 25 Қыркүйек
- Жамбыл облысы
11321 просмотров

Жамбылдық бизнесмендер колледж студенттерін жұмысқа тұрғызуға дайын

Кондитерлік өнімдер шығарумен және мектепте тамақтануды ұйымдастырумен айналысатын «Аллана және Д» ЖШС кәсіпорнында биылдың өзінде колледждің 10 түлегі жұмысқа тұрғызылған. Компания директоры Әлия Күшікбаева бұл туралы Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының Жамбыл облысы әкімдігі Білім беру басқармасымен бірге ұйымдастырған Ашық турникеттер күні барысында жеткізді.

«Біздің кәсіпорын 2008 жылдан бері жұмыс жасайды. Бүгінде кең көлемді қызмет түрлерін көрсетеміз. Негізгі бағыттар – мектептегі және балалар тамақтануын ұйымдастыру. Кондитерлік цех қызмет жасайды. Онда 30-дан астам өнім түрі өндіріледі. Сонымен қатар үйге тамақ жеткізумен және басқа да көптеген қызмет түрлерімен айналысамыз, - деді «Аллана және Д» ЖШС директоры Әлия Күшікбаева. – Кәсіпорнымыз Тараз қаласының екі колледжімен дуалды оқыту туралы шарт жасасты. Сонымен қатар, бізде тұрақты негізде аспаздар мен наубайшыларды даярлайтын тағы екі колледждің студенттері іс-тәжірибеден өтеді. Олардың жартысы сосын жұмыс істеуге қалады. Осында өсіп, өздерінің істерін ашады, әрі қарай жылжи береді. Бізде қыркүйек айынан бері «Жастар іс-тәжірибесі» бойынша колледждердің 10 түлегі жұмысқа тұрызылды.

Еңбек күнін мерекелеу қарсаңында №12 «Тараз» колледжінің білімгерлері компанияның кондитерік цехында болып, онда олар үшін қызықты экскурсия ұйымдастырылды. Студенттер қамыр мен кремнің сан түрінің дайындалу кезеңдерін тамашалап, бәліштерді әрлеуге қатысты. Олар үшін тәтті сыйлықтар табысталатын сайыс өткізілді.

«Экскурсия қатты ұнады, - деп бөлісті алған әсерімен 2 курс студенті Гүллейла Сүлейманова. – Өзім үшін кондитер мамандығын таңдап алдым. Енді осының дұрыс таңдау болғанына көз жеткізіп отырмын. Бұл өте салмақты кәсіп. Кондитерлерді тіпті дәрігер-хирургтермен салыстыруға болады. Біздің көзіміз жақсы көруге тиіс, төзімді болуымыз керек, оған қоса, кез-келген тағамды әсем етіп пісіру үшін, ерекше білік пен өнер қажет».

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы Ашық турникеттер күнін сонымен бірге Таразда және Жамбыл облысының бірнеше ауданында ұйымдастырды.

Студенттер оқуға таңдалған мамандықтарына қарай бейіндік кәсіпорындарда болып қайтты. Сонымен, болашақ кондитерлер «Аллана және Д» ЖШС-да, Жамбыл медицина колледжінің оқушылары «Жүрек» кардиохирургия клиникасының жұмысымен танысты, Жамбыл политехникалық колледжінің «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығының студенттері облыстағы ірі автотасымалдаушы - «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС-да болып, Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжінің болашақ химиктері «Шолақтау» тау-кен қайта өңдеу кешенінің жұмысымен танысты. Ал Жуалы №16 колледжі «Электромеханика» мамандығы 3 курс студенттері Орта Азиядағы алғашқы қуаттылығы 50 мегаватт электр станциясы – «Бурно-Солар-1» серіктестігінде болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер