«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті кеңейтуге Палата көмектеседі

2015 жылғы 29 Қыркүйек
- Жамбыл облысы
10626 просмотров

Аудандық бизнесмендер Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы филиалдарында көрсетілетін қызметтерді белсенді түрде қолданады

Жамбыл облысының барлық аудандарында ашылған Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарында әдеттегі консультациядан бастап жобаны толық сүйемелдеуге дейінгі барлық қызметтерді тегін алуға болады. Мұндай мүмкіндікті Сарысу ауданының кәсіпкері, Жаңатас қаласындағы шағын азық-түлік дүкенінің иесі Роза Сыздықбаева пайдаланды.

«Сыздықбаева» ЖК басшысы бизнесін кеңейтпекші болып, Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының Сарысу ауданындағы филиалы жанынан ашылған Кәсіпкерлерді қолдау орталығына жәрдем сұрап жүгінеді. Орталық консультанты Мадияр Өмірбаев кәсіпкермен әңгімелесіп, оның құжаттарын қарап шығып, мемлекеттік бағдарлама бойынша кредит алуға тырысуға кеңес берді. Себебі бұл төмен пайыз салдарынан әлдеқайда тиімдірек. Ол Роза Сыздықбаеваның құжаттар жинауына және өтінімді ресімдеуіне көмектесті.

«Қызметкеріміз осыдан соң екінші деңгейдегі банктермен келіссөздер жүргізіп, олардың бірі өтінімді қарап және кепілдемелік мүлікке баға берген соң, кәсіпкерге мемлекеттік бағдарлама бойынша 4,5 миллион теңге сомасында кредит беруге шешім қабылдады», - деп түсіндірді Кәсіпкерлер палатасының Сарысу ауданындағы филиалының директоры Шыңғыс Әбдірахманов.

Бизнесвумен қарыздық қаражатты алған соң дүкенінде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде ол бүгінде Жаңатас қаласының тұрғындарын жылы қабағымен ғана емес, кең сұрыпталыммен де қуантуда.

Бір айта кететіні, кәсіпкер облыстық Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы бойынша тегін оқудан өту мүмкіндігі жайлы естіп, курсқа жазылды және бизнес саласындағы білімі мен білігін көтерді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер