«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бәсекелесу емес, бірлесе отырып туризмді дамыту

2015 жылғы 25 Желтоқсан
- Жамбыл облысы
12820 просмотров

Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында өңірарлық туристік-рекреациялық кластер құру ұсынылуда

Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары туристік индустрия өкілдерінің кездесуі барысында осындай келісімге қол жеткізілді.

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Әділбек Үсенбаев аталмыш кездесудің көршілес обылстардың туристік салалары субъектілерінің өзара тиімді ынтымақтастығын жөнге салуға арналғанын атады.

«Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы алдағы жылы өңірдің турситік саласын дамытуға белсене ат салысуды көздеп отыр. Әрі ондағы элементтердің бірі оңтүстік-қазақстандық әріптестерімізбен әріптесу болып табылады. Өзара бәсекелеспей, жалпы қазақстандық ішкі туризмді дамыту қажет. Ұлы Жібек жолын жаңғырту жөніндегі жоба аясында бірыңғай кешенді бағыт құру керек деген түсінікке тоқтам жасап отырмыз», - деп баса көрсетті Әділбек Үсенбаев.

Қонақтар делегациясын Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы жобаларды сүйемелдеу бөлімінің басшысы Қанат Шәлімбетов бастады. Ол өңірлердің көп жағдайларда бір-біріне ұқсас екенін мәлімдеп, аталмыш жиналыс нәтижесінде жаңа бірлескен жобалардың пайда боларына сенім білдірді.

Оңтүстік-қазақстандық делегация құрамы негізінде өз қызметтерін жарнамалаған сауықтыру және қонақ үй кешендерінің өкілдерінен ғана тұрады екен.

Бес жұлдызды «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үйінің өкілі Нұргүл Қасымбекова кешеннің жеті санатты 177 бөлмесі бар екенін, президенттік люкстің елдегі ең үлкен орын болып табылатыны жайлы жеткізді. Rixos желісіндегі шымкенттік қонақ үй кешені Қазақстанда, Астана, Алматы және Бурабайдан кейін төртінші болып табылады. Қонақтарға қызметтердің кең аясы ұсынылады: банкет және конференц-залдар, италиялық және азиялық дәмдер тартылатын екі мейрамхана, спа-орталық. Әкімшілік жергілікті оқу орындарымен белсенді ынытмақтастықта. Туризм колледждері мен факультеттерінің студенттері бұл жерде іс-тәжірибеден өтеді.

«Eco Village Kaskasu» даму жөніндегі менеджері Нұрсұлу Бекешеваның айтуынша, шипажай аймағының басты ерекшелігі оның таулы жерде және Шымкент қаласынан 60 шақырым қашықтықта орналасқандығында. Мұнда көбіне белсенді демалыс насихатталады. Табиғат та осыған бейім: тәжірибелік нұсқаушылар басшылығымен тауға жорық, жүзумен айналысу, квадроциклмен серуен, садақтан атумен айналысу және көптеген басқалары. Келесі бір ерекшелігі – түрлі фирмалар мен ұйымдарға арналған корпоративтік демалысты ұйымдастыру.

«Арыс» шипажайында тірек-қимыл аппаратының созылмалы сырқаттары емделеді, сондықтан да мұнда егде жастағы адамдар демалады. Шипажай өкілі Ролан Тұрдахов сонымен қатар шипажай тарихының кеңес заманынан басталатынын, ал 2003 жылы жекеге өткенін де жеткізді. Тереңдігі 2500 метр термальды ұңғымадан температурасы Цельсий бойынша +85 градусты құрайтын хлорлы-сульфатты сападағы су алынады.

Минералды суларымен танымал Сарыағаш шипажайын бірден үш емдеу-сауықтыру мекемесі танытты. «Aray Deluxe» шипажайының өкілі Асылбек Ақантаев қонақтардың асқазан-ішек жолы, қант диабеті, ұйқы безі, несеп-жыныстық жүйесі сырқаттарының профилактикасынан өтіп, емделе алатынын атады. Массаж бен пилингтің барлық түрлері, саунаның брнеше түрі бар. Сонымен қатар демалушылар үшін Оңтүстік Қазақстан облысының қасиетті орындарына экскурсиялар ұйымдастырылады.

«Сарыағаш» емдеу-сауықтыру кешенінен келген Джафар Джанаби сарыағаштық шипажайлар бейінінің бір-бірінен қатты ерекшеленбейтінін айтып өтті, себебі емдеуде бір ғана минералды су қолданылады. біршама бай тарихқа ие кешен (1953 жылы ашылған) бірден 650 адамды қабылдай алады. Мұнда алты жатын корпус пен үш коттедж бар. Көбінесе кәсіподақ ұйымдарымен әріптестікте.

«Айша – Бибі» емдеу-сауықтыру кешенінің менеджері Жұмабек Алмабеков туристік комиссияларға арналған қомақты комиссиялар жайлы мәлімдеді. Сонымен, қараша-желтоқсан айларында 15 пайыз мөлшеріндегі жеңілдік берілетін болса, қалған айларда - 10 пайыз. Сонымен бірге, Шымкент қаласының көлік компаниясымен «Айша-Бибіге» клиенттер алып келген жағдайда кешеннің клиенттер мүддесінде жол шығындарының жартысын өтейтіні жайлы келісім жасалған.

Іс-шара қожайындары тарапынан Жамбыл туристік индустриясы қауымдастығының президенті Ескендір Төребеков сөз алып, Ұлы Жібек жолы бойындағы өңірдің туристік мүмкіндіктері жайлы егжей-тегжейлі атып берді. «Золотой караван», «Жамбыл Сервис», «Taraz travel», «Бәйтерек саяхат орталығы» туристік компаниялары, «Жамбыл» және «ArkMS» қонақ үйлері, «Ақ ниет» және басқа да шипажайлар басшылары қонақтарын қызметтерімен таныстырды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар келіп түскен ақпараттың барлығын талдаудан өткізіп, сәйкес ұсыныстар жасау керек деген ойға тоқталды. Ал мұндай жиналыстарды тұрақты негізде өткізіп тұруға шешім қабылданды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер