«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Даудың басы – домбыра

2016 жылғы 15 Қаңтар
- Жамбыл облысы
11684 просмотров

Кәсіпкерге наразылық негізсіз болып шықты

Кәсіпкерлер палатасына Тараз мемлекеттік университеті мемлекеттік сатып алулардың жосықсыз қатысушысы деп тануды талап еткен жеке кәсіпкер Жұлдызай Еркебаева құқықтық көмек сұрап жүгінді. Алайда іс жүзінде жағдай біршама басқаша болып шықты.

Мәселе Тараз мемлекеттік университетінің 50 ұлттық музыкалық аспап – домбыра жеткізуге байқау жариялауынан басталған еді. Байқауды Жұлдызай Еркебаева жеңіп шығады. Алайда тауарды қабылдап алғаннан кейін жоғары оқу орнында өнім сапасына деген наразылық туындайды.

Өңірлік палатаның құқықтық мәселелер жөніндегі сарапшысы Б. Мырзахметов сот процесі барысында тауардың шартта белгіленген мерзімде және талап етілген техникалық спецификацияға сай жеткізілгенін мәлімдеді. Жауапкердің шарттағы міндеттемелерін орындағанына университет қызметкері жазып берген қолхат та, қабылданған тауардың лотта сипатталған талаптарға сәйкес келетіні жайлы айтылған жөнелтпе құжат та куә болады.

Бұл жерде қандай мәселелер болуы мүмкін деген сауал туындайды. Дегенмен мәселе туындамай қоймады. Сөйтіп, талапкер дәйектеріне негіздеме ретінде тауардың техникалық спецификация талаптарына сәйкес келмейтіні жайлы акт ұсынды. Аталмыш акт, оның ойынша, жауапкердің шарт талаптарын тиісті түрде орындамағанына куә болады.

Сот барысында аталмыш актінің жауапкер өкілінің қатысуымен жасалмағаны анықталды. Бұл жасалған шарт талабын өрескел бұзу болып табылады. Алайда басты дәйек сәйкессіздік актісінде көрсетілген кемшіліктерді талапкердің өзінің техникалық спецификацияда көрсетпегендігі болып шықты. Бұл жерде сөз қосымша беріктік үшін қатты пластикалық ағаштан жапсырылған таңбаның және домбыраның беткі жағында ағаш қорғаныштың болмауы жайлы болып отыр. Оның үстіне, талапкер өкілі Ж. Шүленбаев домбыраны әзірлеу кезінде қандай да бір мемлекеттік стандарт үлгісінің жоқтығын мойындауға мәжбүр болды. Ал музыкалық аспаптарды қабылдаған университеттің шығармашылық орталығының қызметкері Н. Таласбаев тауар сапасы мен оның техникалық спецификацияға сәйкестігін анықтай алатын домбырашы болып табылады. Ол тауарды қабылдау жайлы қолхатқа бұрыштама қойған екен.

Сот қорғаушылардың барлық дәйектерін ескере отырып, Жамбыл облысы ауданаралық экономикалық сотының судьясы Е.Романенко төрағалығымен Тараз мемлекеттік университетінің жеке кәсіпкер Жұлдызай Еркебаеваны мемлекеттік сатып алулардың жосықсыз қатысушы деп тану туралы қуыным талабын қанағаттандырудан бас тартуға шешім қабылдады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер