«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Күш – бірлікте!

2016 жылғы 15 Ақпан
- Жамбыл облысы
10430 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерді күшті әрі бәсекеге қабілетті қауымдастықтарға біріктіру бағытында белсене жұмыс жүргізуде

Шағын кәсіпкер әрбір көршісіне бәсекелес ретінде қарайтын уақыт артта қалды. Өйткені, әлемдік нарықпен қарым-қатынас күшейген сайын, экономиканың барлық саласында бәсекелестік күшейіп барады. Сондықтан да, бизнестегі жаңа сынақты жеңіп шығу үшін, туындаған қиындықтарды бірігіп шешетін күн туды. Дегенмен, оны түсіну бір басқа – іспен көрсету өз алдына бөлек мәселе. Осы жағдайды ескере келе, Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасы салалық қауымдастықтарды құру туралы шешім қабылдады.

Егер аймақ экономикасының 90 пайызы шағын кәсіпкерлік субъектілерінен тұратын болса, кәсіпкерлерді топтастыру да оңай шаруа емес. Десек те, ерте ме, кеш пе бұл жұмыс қолға алынуы тиіс. Шағын кәсіпорынның басшылары жаһандану мен интеграция секілді ғаламдық үрдістер өздеріне қатысы жоқ деген сеніммен өмір сүреді. Алайда, интеграциялық үрдістерден шошудың еш қажеті жоқ, дегенмен, оған әрдайым дайын болған жөн. Өткен жылы Ресей рублі арзандаған кезде, елімізге арзан ресейлік тауарлар ағылды, бұл отандық кәсіпкерлерді біршама алаңдатқаны ешкімге жасырын емес.

Өңірлердегі кәсіпкерлердің бытыраңқылығын ескерсек, олардың барлығын шоғырландырып, келіссөздер жүргізу керек болды. Осы орайда,  өңірлік кәсіпкерлер палатасының атқарып отырған шаруасы орасан зор. 

«Өткен жылы аймақтағы кәсіпкерлер тарапынан бес мыңнан аса өтініш келіп түсті. Олардың барлығы да ескерусіз қалған жоқ,– дейді Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлыған Аралбекова. – Алайда, біз экономиканың түрлі саласындағы сирек мамандықтар бойынша мамандар тапшы. Мұндай сәттерде, проблеманың түп-төркінін жақсы білетін салалық қауымдастық өкілдері көп көмегін тигізер еді. Олар өз деңгейлерінде кәсіптеріне қатысты мәселелерді шешіп, ал өздерінің шамасы келмейтін жүйелі проблемаларды Палата деңгейінде көтеретін еді».

Бүгінгі таңда, облыста 27 қауымдастық тіркелсе, соның тек 3-уі ғана қызмет етеді. Қазір оларды аймақтық палатада тіркеуден өткізу үшін, дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ал, өзгелері қайда?

Аймақтық кәсіпкерлер палатасы аясында бірқатар салалардағы кәсіпкерлермен бірнеше кездесу ұйымдастырылды. Жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындар басшылары жиналған уақытта көптеген мәселелер талқыланды. Тігін заттарын өндіретін «Айвенго» ЖШС директоры Л.Попова ұсақ-түйек заттар мен маталарды біріге тасымалдауды ұйымдастыру мәселесін көтерді. Өйткені, көлемді тапсырыс беру арқылы сапалы шикізатты арзан бағаға алуға болады. Бұл кішігірім тігін цехтары үшін аса пайдалы болар еді.

Ал, кәсіпкер А.Қадырбаев Ресей тарапынан түскен 20 мың құлақшынды тігу  туралы тапсырысты бірге орындауды ұсынды. Бұл шоғырландыруға бағытталған нақты ұсыныс.

«Ең алдымен кәсіпкерлердің құқы мен саланың мүддесін біріге отырып қорғау үшін,  дайын өнімнің сапасын арттырып, бағасын арзандату үшін, бірігу керек. Жаңа құрал-жабдықтарды сатып алып, өндірісті жаңалауға көптеген мүмкіндіктер туады. Нәтижесінде  мұның барлығының да негізгі мақсаты – бәсекеге қабілеттілікті арттыру, болып табылады. Бұл – жаңа жұмыс орындары, ел қазынасына төленетін салық,  өзге де маңызды артықшылықтар»,– дейді Қ.Аралбекова.

Жиын соңында тігін цехтары жеті жыл бұрын Л.Попова ашқан жеңіл өнеркәсіп Қауысдастығына қосылуға, оған жаңа мүшелерді қосуға, өңірлік кәсіпкерлік палатасында тіркеуден өтуге шешім қабылдады.

«Ағаш өңдеушілер, яғни жиһаз жасаушылардың жиыны да қызу пікір-таласпен өтті. Тараз қаласында жиһаз жасайтын ондаған кәсіпорын болғанымен де, жүйелі нығаю жоқ», – дейді «LL өндірістік-сауда компаниясы» ЖШС Директоры Л.Айдаров. Оның айтуынша бұл бизнес түрі көлеңкеде, шағын цехтар тіпті салық та төлемейді, көпшілігінің қажетті сертификаты да жоқ.

«NuR-AI» ЖШС Директоры Б.Жұрымбаев, ең алдымен жиһаз нарығын жан-жақты зерттеп, шешілмеген мәселелерді анықтап, оларды шешу жоспарын жасауды ұсынды.

«Айша» ЖПК» ЖШС Директоры Л.Сушкова тағы бір проблема туралы айтып берді. Жергілікті  нарықтағы айналым 70 миллиард тенге, алайда оның 60 пайызы Ресей мен Беларусьқа кетеді. Алайда, жергілікті кәсіпорындардың шығарған жиһаздары анағұрлым сапалы, мектеп пен балабақшаларды қамтуға жарап тұр. Алайда, бұл салада тендер ұтып алу, кәсіпкерлерге оңайға соқпай тұр.

Құрылысшылардың да шешілмеген мәселелері көптеп артылады. Мұнда да тендерге қол жеткізу оңай шаруа емес, қазақстандық тұтынушылардың аздығы, Қазақстанның өзге облыстарынан келетін мердігерлер жұмысының сапасыздығы.

«Біз ұйымдармен құрылыс заттарын әкелуге келісім-шартқа отырамыз. Алайда олар неге екені белгісіз шикізатты бізден сатып алмайды. Шикізат пен заттарды жергілікті өндірушілерден сатып алуды заңмен міндеттеу керек. Олай болмаған жағдайда Қытай мен Ресейден  алма, немесе сатпа деп кімге тыйым сала аласың?»,– деп «Крайс» ЖШС  директоры Д.Ли өзін мазалаған мәселелерге тоқталды.

Жоғарыда айтылған үш жиынның барлығында да қызықты да қажетті жағдайлар аз айтылған жоқ. Олардың барлығының да пайдалы екені даусыз. Аймақтық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерді күшті де бәсекеге қабылетті қауымдастыққа біріктіру мақсатында жұмыс жүргізуде.  Алғашқы кездесуден кейін, әр салаға жеке қауымдастық құрылмайынша жұмыс тоқтатылмайды. Аймақтық кәсіпкерлер палатасының негізгі әрі басты мақсаты да осы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер