«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Белгілі бизнесмендер – студияда

2016 жылғы 04 Мамыр
- Жамбыл облысы
12255 просмотров

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы, Іскер әйелдер кеңесі және 77 TV өңірлік телеарнасы бірлескен жобаларды – «Бизнес уақыты» және «Дәмді кз» телебағдарламаларын іске қосты

«Бизнес уақыты» бірлескен жобасының авторы және жүргізушісі – Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбекова. «Жобаның басты мақсаты – жамбылдық бизнесменнің шынайы бет-бейнесін көрсету, – дейді ол. – Бұл жобада біз телекөрермендер назарына облыс экономикасының түрлі секторларындағы бизнестің проблемалары мен перспективалары, жағдайы турасында көптеген қызықты дүниелер ұсынамыз. Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қыруар көмек пен қолдауға қарамастан, мына кезеңде бизнеспен айналысу оңай емес. Қазіргі кезде бизнес қандай проблемалар мен қиындықтарға кезігіп отырғаны туралы  кәсіпкерлер мен компания басшыларының өз аузынан ести аламыз».

Бағдарламаның алғашқы шығарылымының кейіпкері облыстағы белгілі тұлға Мұқаш Ескендіров болды. Ол – «Қазфосфат» ЖШС бас директоры, облыстық мәслихаттың депутаты, Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы. 2015 жылдың соңында Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы мен өндірістік қызметіндегі ерен еңбегі үшін Мұқаш Зұлқарнайұлы «Қазақстанның еңбек ері» атағына ие болған.

Бүгінгі күні «Қазфосфат» ЖШС-ын өңірдегі басты кәсіпорын деп атауға болады. Жамбыл облысы экспортының 70 %-ы осы компанияға тиесілі болып отыр, тек былтырғы жылғы салықтық түсімдер көлемі шамамен 7 миллиард теңгеге тең болған, қызметкерлер штаты – 6000-нан астам.

Мұқаш Ескендіров өз компаниясын алаңдататын проблемалар, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу, меценаттық туралы ашық әңгімелеп берді, сонымен бірге, ол Кәсіпкерлер палатасының атқарып отырған жұмысына жоғары баға берді. Жуырда «77 ТВ» эфирінде екінші шығарылым көрсетіледі. Оның басты кейіпкері «Та-мақ» ЖШС директоры Гүлмира Конкашева болмақ.

Телеарнаның Жамбыл облысы Іскер әйелдер кеңесімен бірлесе іске асырып отырған жобасы «Дәмді кз» аспаздық шоуы. Оның бірегейлігі неде? Біріншіден, оған облыстағы белгілі бизнесвумендер, ІӘК мүшелері қонақ болып, студия асханасында өздері сүйіп даярлайтын тағамдарын пісіреді, оған қоса жүргізушінің өзі мен отбасы жайында қоятын сұрақтарына жауап береді. Екіншіден, тағамдарды даярлау үшін облысымызда өндірілетін өнімдер ғана пайдаланылады. Үшіншіден, телеарнаның әр шығарылымына облыстағы бір тауар өндіруші компания демеушілік жасап, студия қонақтарына өз өнімдері салынған себетті сыйға тартады. Алғашқы шығарылымның қонағы облыстағы жас бизнесвумендердің бірі, «GOODMAKER» жарнама компаниясының директоры Әмина Қайназарова болды. Ал шығарылымға «Бурный сүт компаниясы» ЖШС демеушілік көрсетті.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер