«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тексерістер тоқтатылды

2016 жылғы 20 Мамыр
- Жамбыл облысы
9490 просмотров

Жамбыл облысындағы кәсіпкерлер палатасы облыстық прокуратурамен бірлесе отырып 100-ден аса заңсыз тексерістің болғанын ескертеді

Бұл туралы Жамбыл облыстық Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қайрат Сыдықов кәсіпкерліктің өзекті мәселелеріне арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы мен Жамбыл облыстық прокуратурасы бірлесе отырып, мемлекеттік бақылау және қадағалауды қалыптастыру туралы заңнаманы жүзеге асыру кезіндегі Жамбыл облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті және Жамбыл облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті қызметіне тиесілі 2016 жылдың 1-жартыжылдығына арналған ерекше тәртіптегі өрт қауіпсіздігі бойынша тексеріс кестесінің қолданылуына тексеру жүргізді, – деді ол. – Облыс прокуратурасының жүргізген тексерістерінің нәтижесінде аталған департамент басшыларының атына 2016 жылдың 1-жартысында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бұза отырып, жасалған тексеріс кестесі бойынша кәсіпкерлік субъектілері қызметінің тексерісіне жол бермеу шараларын қабылдау туралы акті енгізілді».

Сонымен, Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті 24 мұнай базасын және қоғамдық тамақтану орындарын жөнсіз тексермейтін болады.

Жамбыл облысындағы 76 нысанға жоспар бойынша жүргізілуі тиіс тексерістердің күші жойылды.

Осыған кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылмақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер