«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алтын сапа: Кімнің тауары сапалы, сол жеңімпаз

2016 жылғы 17 Маусым
- Жамбыл облысы
5936 просмотров

Жамбылдық 60-тан астам компания «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік конкурс-көрмесіне қатыспақшы

Бұл туралы Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының жобаларды қолдау бөлімінің сарапшысы Нағима Молдахметова мәлімдеді, сондай-ақ ол өңірдің төрт компаниясы ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысуға өтінім бере алатынын айтты.  

Ниет білдірген 30 бизнесмен үшін ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алу конкурсы мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық конкурс-көрмесін критерий бойынша бағалау және оның әдістемесі мәселелері жөнінде семинар өтті.

«Атамекен» ҚР ҰКП  кеңесшісі Аида Иманбекова  конкурс жүргізу тәртібі, барлық құжаттаманы рәсімдеу талаптары жайлы әңгімеледі, болашақ байқауға қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.

Еске салалық, 2015 жылдан бері Қазақстан Республикасының  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алу конкурсы мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық конкурс-көрмесін өткізіп келеді. 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алу конкурсына қатысуға тілек білдірген  облыстағы бизнесі субъектілері  өңір кәсіпкерлерімен «Өндірістік бағыттағы үздік кәсіпорын», «Халыққа арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» атты үш номинация бойынша бәсекелеседі.

Өңірлік конкурста жеңіске жеткен кәсіпкерлер республикалық конкурс-көрмеге «Өндірістік бағыттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Ең жақсы азық-түлік тауарлар» номинациялары бойынша жарысқа түседі. 

Нағима Молдахметованың түсіндіруінше, «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік конкурс-көрмесін «Тараз-Арена» спорт кешенінде 12 тамызда өткізу жоспарлануда.

«Өткен жылдағыдай конкурстың алдында сараптау тобы барлық үміткерлерге баға береді. Яғни сараптау тобы мүшелері әр өндіруші жайлы пікірі болуы үшін әрбір үміткер кәсіпорында болады, өндіріс технологиясын, азық-түлік желісін бағалайды. Сонымен қатар кейін жергілікті телеарнада көрсетілетін, әрбір үміткер жайлы бейне ролик түсіріледі», – деді ӨКП өкілі. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер