«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Акционерлер болуға шақырды

2016 жылғы 27 Маусым
- Жамбыл облысы
8332 просмотров

Өңір кәсіпкерлері Ақтөбе металл конструкциялары зауытының IPO-ға шығуына арналған Road Show рәсіміне қатысты

Бизнесмендер аталмыш жоба туралы жан-жақты ақпарат алды, оларға «Ақтөбе металл құрастыру зауыты» АҚ-ның акцияларын сатып алудың артықшылықтары жайында айтылды, қызығушылық туғызған сұрақтардың бәріне жауап берілді.

Шараны ұйымдастырушы – «Фридом Финанс» компаниясы консультациялық қолдауды іске асырады және акцияларды орналастырудың андеррайтері болып саналады. IPO барысында тартылған қаражат борышкерлік жүктемелерді төмендетуге және зауыттың өндірістік қуатын ұлғайтуға жұмсалады. Бұл компанияға неғұрлым жаңа келісімшарттар жасауына және ірі инфрақұрылымдық жобаларға қатысуына мүмкіндік береді.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, «Ақтөбе металл құрастыру зауыты» компаниясының жай акцияларын сату шілде айының екінші жартысында басталады. Акциялардың болжалды құны бір акцияға 11 177 теңге, IPO-ға шамамен 86 мың акция орналастыру жоспарланып отыр, орнын басу көлемі 960 млн. теңгені құрайды, капиталдандыру – 2,4 млрд. теңге.

«Елдегі күрделі экономикалық жағдай кезінде компанияның акцияларын сату көреген шешім және ол мерзімсіз инвестициялар тартуға көмектеседі», – деп санайды «Фридом Финанс» компаниясының бас директоры Тимур Турлов. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер