«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жаңатасқа инвестиция құйылады

2016 жылғы 27 Маусым
- Жамбыл облысы
11345 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы және «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС Жаңатас қаласының шеберлік жоспарын құру және жүзеге асыру  мәселелері бойынша ынтымақтасуға ниетті 

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбекова бірлескен жұмыс бағыттарын талқылау мақсатында «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС делегациясымен кездесті.

«ЕвроХим» минералды-химиялық компаниясы әлемдегі ең ірі тыңайтқыш өндірушілердің бірі болып табылады, 2010 жылдан бері компания Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы тау-кен орны кешені инвестициялық жобасын салуды жүзеге асыруда. 

Кәсіпкерлер палатасы директоры бірлесе жұмыс істеуге мүмкіндік бар салаларға баса назар аудара отырып,  ұйым жұмысының артықшылықтары жайлы қысқаша әңгімеледі.   

«ЕвроХим-Қаратау» ЖШС бас директоры Дмитрий Валышев Қазақстан Республикасындағы «Еврохим» компаниясы инвестициялық жобасын жүзеге асыру барысы және кезеңдері жайлы ақпарат берді, компания туралы таныстыру фильмін көрсетті.

«ЕвроХим» жобасын жүзеге асыру үшін қазақстандық компаниялар мен мамандарды барынша тарту мәселесі қызу талқылауға түсті. Дмитрий Валышев өңірдің жергілікті компанияларымен тығыз ынтымақтасу бұдан былай да жалғаса беретіндігін айтты.  

«Кадр мәселесі жайлы айталық, біздің қызметкерлеріміздің 93%-ы – Қазақстан резиденттері, 75%-ы – Сарысу ауданы тұрғындары, – деп қосты ол. – Сонымен бірге, әрине, кейбір жергілікті мамандардың  біліктілігі аз. Қайта оқытып шығару және құзыреттілікті арттыру мәселесін шешумен «ЕвроХим» баяғыдан шұғылдануда. Инвесторға өткен шақтағы емес, болашақ кәдеге жарайтын біліктілік қажет», – деді ол. 

Делегация құрамына «ЕвроХим» серіктесі – «КБ ЖЖҚ» компаниясы өкілдері де қатысты, олар жобалаумен шұғылданады. Бүгінде  «КБ ЖЖҚ»  Жаңатас қаласының жаңа үлгісін әзірлеуде әрі қаланың шеберлік жоспарын құруда.  

Бұл жұмыс кешенді әлеуметтік зерттеуден басталды. Сонан соң тұрғындардың, кәсіпкерлердің, биліктің мүддесін ескеріп, талдау жүргізіледі. Дайын шеберлік жоспары Жаңатас қаласының қала салу, жобалық және экономикалық шешімдер кешенін де қамтиды.

Талқылау барысында тараптар Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасын шеберлік жоспарын әзірлейтін жұмыс тобына қосу, сондай-ақ Палатаның стратегиялық сессияларына қатысу  қажеттігі жайлы тұжырымға келді.

Шеберлік жоспарын жасау шығындарын «ЕвроХим» өзіне мойнына алады, дайын болған соң компания оны қала тұрғындарына сыйламақ.  

Дмитрий Валышевтың айтуынша, Кәсіпкерлер палатасы мастер-жоспарды жүзеге асыруға қатысады, алайда түптеп келгенде құрылған жобаларды ең алдымен  жергілікті бизнесмендер жүзеге асырады.

«Біз бизнесмендерге бизнес-кейс құруға көмектесіп, Жаңатастағы бизнес-жобаларды жүзеге асыру барысына қолдау көрсетуге әзірміз», – деді Қарлығаш Аралбекова.

Дмитрий Валышев өз кезегінде «ЕвроХим» тарапынан жылдық мөлшерлемесі 4%-дан төмен несие желісі құрылатынын айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер