«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кетігін тап та, бар қалан...

2016 жылғы 21 Қыркүйек
- Жамбыл облысы
9057 просмотров

«Еңбек күні» деген тақырыппен облыста бірқатар іс-шаралар өтуде

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы «Жастарды жұмыспен қамту» декадасын ұйымдастырды. Шара барысында колледж студенттері өңір кəсіпорындарын аралады.

Жыл сайын Еңбек күні қарсаңында облыста түрлі іс-шаралар өтеді. Басты мақсат – жастарды еңбексүйгіштікке тəрбиелеу. Игілікті іс аясында жастардың жұмысшы мамандықтарға деген қызығушылығын арттыру көзделген.

«Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы «Жастарды жұмыспен қамту» декадасының шеңберінде колледж студенттерін, осымен үшінші жыл, өңір кәсіпорындарына апаруды қолға алды.  Оған жыл сайын шамамен 120-150 студент қатысады. Биыл бес колледждің студенттеріне саяхат ұйымдастырылды, – дейді Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы адам капиталын дамыту бөлімінің басшысы Бағила Абдуллаева. – 2015 жылы, Еңбек күні аясында, Палатаның ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы колледж бен мектептердің 800-ден астам оқушысы 32 кәсіпорынды аралаған болатын».

«Ашық есік күндерін» өткізудің негізгі мақсаты жастарды жұмысшы мамандықтарға тарту болып отыр. 

Акция шеңберінде колледж студенттеріне өңірдің алдыңғы қатарлы кәсіпорындарына барды. Мәселен, Тараз қаласы сервис және технология колледждерінің студенттері «Айвенго» ЖШС-інде болып қайтса, Байзақ ауданы №3 колледжінің студенттері «Rola-7» ЖШС-нде болды. Ал «Жамбыл жер қойнауы» ЖШС кәсіпорнына Талас ауданындағы Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжерінің студенттері бас сұқты. Осы сияқты «Минералды тыңайтқыштар» зауытымен Тараз химия-технология колледжінің, ал «Еврохим-Қаратау» ЖШС-мен Жаңатас көп салалы колледжінің оқушылары танысты.

Алғашқылардың бірі болып «Химиялық талдау лаборанты» және «Химиялық өндіріс аппаратшысы» мамандықтары бойынша оқып жатқан екінші курстың 30 студентіне «Қазфосфат» ЖШС «Минералды тыңайтқыштар» зауыты жұмыс ұсынды. Зауыттың аммофосты және күкірт қышқылы цехында кәсіпорын қызметкерлері жастарды тыңайтқыш өндірісінің барлық кезеңіне қанықтырды.

«Бұл студенттер болашақта, бәлкім, дәл осы зауытта жұмыс істеп қалады,–дейді Тараз химия-технология колледжінің директоры Гүлнəр Тұрсынбекова. – Колледждің 20 түлегі жастарға арналған «Жұмыспен қамту картасы» бағдарламасы аясында «Қазфосфат» ЖШС минералды тыңайтқыштар зауытында жұмыс істеп жатыр».

«Аталған мамандықтар «Қазфосфат» ЖШС корпоративті басқармасына берілген колледжде 2015 жылы «Казфосфат» ЖШС, «Еврохим-Тыңайтқыштар», «Химиялық парк «Тараз» химиялық компаниялардың өтінішімен ашылған», – деп атап өтті Бағила Абдулдаева. Ол сондай-ақ, өңір кәсіпорындарының мамандарға сұранысын қамтамасыз ету, орта арнайы мекемелерді корпоративті басқаруға беру, оқу орталықтары мен кәсіптік бағдардағы кабинеттерді ашу Кәсіпкерлер палатасының адам капиталын дамыту бөлімі жұмысының негізгі бағыттары екендігіне тоқталды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер