«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Туристік салада маман тапшы

2016 жылғы 14 Қазан
- Жамбыл облысы
7482 просмотров

Туристік компаниялардың басшылары Кәсіпкерлер палатасынан «ЭКСПО-2017» көрмесіне гид мамандар дайындап беруді сұрап отыр

Гидтердің жетіспеушілігі мәселесін немесе туризм мамандарының кәсіби деңгейін облыстық Кәсіпкерлер палатасы ерекше бақылауға алады. Бұған дейін бірқатар туристік компаниялардың өтініші бойынша Палатада М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Туризм және қызмет» кафедрасының оқытушыларымен, студенттерімен және түлектерімен кездесу ұйымдастырылғаны белгілі. Кездесуде туристік фирмалар жас мамандарға бос жұмыс орындарын таныстырды.

Бүгінде «ЭКСПО-2017 көрмесінің қарсаңында туристік компанияларға жүктеліп отырған талаптардың салмағы ауыр. Бұл жерде гидтердің рөлі өте зор. Олар тәжірибе әрі теория жүзінде дайын болып, бірнеше тілде сөйлеп, қонақтарға жоғары деңгейде қызмет көрсетулері керек. Сол себепті бүгінде халықаралық ауқымды көрменің талаптарына сай гидтердің шеберлігін арттыру аса маңызды.

Осы мәселе бойынша ірі туристік компаниялардың басшылары облыстық Кәсіпкерлер палатасына жүгінді. Ол жерде адам капиталын дамыту және жобаларды қолдау бөлімдері қала әкімдігіндегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шара барысында тараптар қордаланған мәселелерді талқылап, шешу жолдарын ойластырды. Туристік компаниялардың басшылары аз уақыт ішінде Кәсіпкерлер палатасына маман қажеттілігі туралы анықтама бермек. Кәсіпкерлер палатасы мен Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы арасында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында гидтер дайындау туралы келісімге қол жеткізілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер