«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жібек жолы бойындағы қалаларды тамашалайды

2016 жылғы 25 Қараша
- Жамбыл облысы
10745 просмотров

Жамбыл облысында тау шаңғысы базасы салынуы мүмкін

Инвесторларға арналған дайын жобалар өңірге туристерді көптеп тартуға мүмкіндік береді деп есептейді Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбекова. Облыстың туристік әлеуеті жайында ол «TARAZ INVEST-2016 - AGROCHEMICAL DAY» халықаралық инвестициялық форумында айтты.

«Туризм бойынша Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасына төрт жоба енгізілді – «Көксай өазақ ауылы» туристік базасы, оның бағасы 935 миллион теңге, «Яблоневый сад» туристік базасы, бағасы 85 миллион теңге, оған қоса жол жиегіндегі қызмет көрсету нысанының құрылысы бойынша Жамбыл облысының Жуалы және Меркі аудандарында құны 402 және 700 миллион болатын нысандар жобасы бар», – деді ол.

Өңірлік палата директоры Жамбыл облысы «Жібек жолы бойындағы тарихи орталықтарды жаңғырту, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын дамыту мен мирас ету, инфрақұрылым мен туризмді өркендету» мемлекеттік бағдарламасына енгенін жеткізді. Жамбыл облысының бес тарихи нысаны ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енгізілген. Ұлы Жібек жолының бойында үш мыңдай тарихи және мәдени ескерткіш бар.

«Жамбыл облысы Қазақстан бойынша «EXPO-2017» көрмесі кезінде бүкіл әлемдік туристер келетін үш өңірдің бірі болмақ, – деді ол. – «EXPO-2017» көрмесіне Жамбыл облысының төрт туристік компаниясы: «Золотой караван» ЖШС, «Тараз Travel» ЖШС, «Baiterek Travel Center» ЖШС және «Жамбыл-Сервис» ЖШС дайындалып жатыр, олар серіктестік туралы меморандумға қол қойды. «Baiterek Travel Center» ЖШС ресми туроператор ретінде 10 мың билетті сатып өткізу міндетін өз мойнына алды».

2017 жылдың маусымынан қыркүйекке дейін Қазақстанда ең ірі халықаралық «EXPO-2017» көрмесін өткізу жоспарланып отыр, оған 103 мемлекет қатысып, 17 халықаралық ұйым келеді, 3 мыңнан аса мәдени-ойын-сауық шаралары өткізіледі. 4 қыркүйек пен 11 қыркүйек аралығында Қазақстанның қалалары бойынша ақпараттық турлар өткізіліп, туристер көне Жібек Жолы бойындағы Тараз, Шымкент сынды қалаларды тамашаламақ.

Форум нәтижесінде өңірлік туризмді дамыту үшін серіктесті нығайту мақсатында Облыстық кәсіпкерлер палатасы, «Оңтүстік туристік орталығы» туристік ақпараттық орталығы мен «Тараз-Туризм» туристік ақпараттық орталығы меморандумға қол қойды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер