«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тексеріске – тосқауыл!

2017 жылғы 12 Қаңтар
- Жамбыл облысы
7493 просмотров

Облыста 619 заңсыз тексерістің жолы кесілді

Облыстық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті бірлесе жүргізген жұмыстың нәтижесі осындай.

«Кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдарының 2016 жылдың екінші жарты жылдығына арналған ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізу кестесіне мониторинг жасадық. Мониторинг қорытындысы бойынша, 619 кәсіпкерді соңғы тексерудің нәтижелерін ескерместен, ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізу кестесіне негізсіз енгізіп қойғандығы туралы деректі анықтадық. Аталған мониторинг қорытындылары бойынша Комитет барлық аумақтық басқармаларға бүкіл облыстар бойынша осындай тексеру жүргізу туралы қосымша тапсырма берді, нәтижесінде басқа өңірлерден де осыған ұқсас 956 дерек анықталды», – деп мәлімдеді ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Жамбыл  облысы бойынша басқармасының басшысы Тимур Нұрынбетов.

Қайшылық мынада, 619 кәсіпкер, яғни жоғары эпидемиялық маңызы бар нысандардың иелері 2016 жылдың екінші жарты жылдығына арналған ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізу кестесіне енгізілген, кестені жасау барысында аталған бизнесмендері тексеру бірінші жартыжылдыққа жоспарланғандығы туралы деректі ғана ескерген және кестені түзу барысында ол тексерулердің қорытындысы болмаған. Алайда кейін анықталғандай, оларды бірінші жартыжылдықтағы кестеден алып тастамаған және көбінде тексеру аяқталып қойған немесе жүргізіліп жатқан. Мәселен, тараздық Шатровской И.Ж. жеке кәсіпкерлігінің «Инеш» сән салонында тексеру сәуір айында жүргізілген, айта кетерлігі, ешқандай заңбұзушылық анықталмаған, алайда нысан екінші жарты жылдықтың тізіміне қайта енгізіліпті.

«Осылайша мемлекеттік органдардың негізсіз тексерулерінің алдын алу арқылы бір жарым мыңнан астам кәсіпкердің құқықтарын бұзуға жол бермеу шаралары қабылданды», – дейді облыстық Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Қайрат Сыдықов.

Бұдан бөлек, экология саласындағы тексеру парақтарының талаптарына жасалған талдау қорытындысы кәсіпкерлік субъектілеріне бекітілген Тәуекелдік деңгейін бағалау өлшемдеріне сәйкес келмейтін 19 басы артық талап қойылып келгендігін көрсетті. Комитет оларды жою бойынша тиісті ұсыныстар шығарды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер