«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жеке кәсіп ашудың кеңесшісі

2017 жылғы 06 Наурыз
- Жамбыл облысы
9936 просмотров

Жамбыл облысының аудандары мен Тараз қаласында «Бизнес Кеңесші» жедел-курсы басталды

Алғашқы курс Байзақ, Жамбыл аудандарында сондай-ақ, Тараз қаласында өтті. Бүгінде 227 адам оқып, әрқайсысы жаңа бизнес ашуды немесе кәсібін жетілдіруді, кеңейтуі жоспарлап отыр. Облыс бойынша барлығы 800 адам оқытылмақ.

«Екі күндік жедел-курстарда тыңдаушыларға маркетинг негіздері, адам ресурстарын басқару, бизнес жүргізудегі заң негіздері, кәсіпорынның қаржылық мәселесі туралы білім беріледі», –­ дейді бизнес-тренер Гүлмира Метерова.

Оқыту жобасы «Бизнестің жол картасы­–2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасының төртінші бағыты аясында, Тараз қаласы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының «Бизнес-мектебінде» және Жамбыл облысының әрбір ауданындағы Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарында жүзеге асырылып отыр.

«Бизнес-Кеңесші» жобасы ­– бұл кәсіпкерлікке ынтасы бар тұрғындар мен жеке кәсібін ашып жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерді аз уақытта тегін оқыту.

«Бизнес-Кеңесші» курсының кетесімен Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының сайтында танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер