«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жамбыл облысы Іскер әйелдер кеңесіне жаңа төрайым тағайындалды

2017 жылғы 02 Мамыр
- Жамбыл облысы
16204 просмотров

Айгүл Ақшалова Кеңес төрелігіне сайланды 

Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің хатттамалық шешімімен және «Атамекен» ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің мақұлдауымен Айгүл Ақшалова Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесіне төрайым болып тағайындалды.

Жаңа басшы 2 мамыр күні Тараз қаласында «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы хатшылығының жетекшісі Лаззат Рамазанова қатысуымен  өткен Іскер әйелдер кеңесінің кездесуінде таныстырылды.

Айгүл Ақшалова 1972 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. «Бастауыш мектеп мұғалімі» мамандығы бойынша Жамбыл педагогикалық училищесін тәмамдап, кейін «маркетинг» мамандығы бойынша Қазақ қатынас жолдары университетінде оқыған.  

1991 жылдан бастап осы күнге дейін кәсіпкерлікпен айналысып келеді. Бүгінде Айгүл Ақшалова «Марракеш»,  «Турксіб» мейрамханалық кешендері және «Монтерей» кофесінің иесі.

2016 жылдан бастап Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің Жұмыс тобының мүшесі. Қаңтар айынан бастап Жамбыл облысы ӨКП Іскер әйелдер кеңесіне қарасты туризмді дамыту салалық тобын басқарып келеді. Айгүл Ақшалова тұрмыс құрған, 3 баланың анасы.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер