«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

2017 жылғы 15 Мамыр
- Жамбыл облысы
18419 просмотров

Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасын Мәріпбек Шәкербек басқарады

«Атамекен» ҰКП Өңірлік даму департаментінің директоры қызметін атқарған Мәріпбек Шәкербек Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының директорлығына тағайындалды.

Анықтамалық ақпарат:

Мәріпбек Шәкербек 1985 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында дүниеге келген. Мамандығы: инженер-металлург, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған.

Мәріпбек Шәкербек еңбек жолын 2006 жылы Семей қаласындағы «Даңқ» тау-кен компаниясында жұмысшы ретінде бастаған, 2007-2014 жылдар аралығында мансап жолымен «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ көтерілді. Қызмет жолы 2014 жылдың тамыз айынан бастап Ұлттық кәсіпкерлер палатасында жалғасты. 2016 жылдан бастап «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Өңірлік даму департаментін басқарды.

Мәріпбек Шәкербек Өңірлік палатаны 2015 жылдың маусым айынан бастап басқарып келген Қарлығаш Аралбекованың орнына барды.

Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аймақтық бөлімшесі.

Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің заңдық құқығы мен мүдделерін қорғауға, бизнес жұмысының заңнамалық және өзге де нормативтік ережелерін қалыптастыру процесінде барлық кәсіпкерлерді түгелдей тарту мен қамтуды көздеуге негізделген. Палата қызметі өңірдегі бизнесті жүргізу үшін жағдайды дамытуға, іскерлік, инвестициялық және тұрақтылық ахуалды жақсартуға бағытталған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер