«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызғалдақ көмкерген қала

2017 жылғы 16 Маусым
- Жамбыл облысы
9525 просмотров

Таразда ұйымдастырылған байқаулар мен көрмелердің, тіпті флешмобтың тақырыбы қызғалдаққа арналды

Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы қызғалдақтардың жабайы түрлерін сақтап қалу, туризмнің экологиялық-эстетикалық түрін дамытуға бағытталған жоба аясында «Қызғалдақтар» фестивалін ұйымдастырды.

Мерекелік іс-шара Жамбыл облысының әкімдігі Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, «Тараз-туризм» туристік ақпараттық орталығының бастамасымен, Мәдениет және Ішкі саясат басқармасы, сондай-ақ М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті мен Іскер әйелдер кеңесінің қолдауымен өтті.

Фестиваль «Қызғалдақтардың үздік фотосуреті», «Қызғалдақтар туралы аңыз», «Қызғалдақтар» сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары» сынды фотокөрме, байқаулардан және концерттік бағдарламадан тұрады.           

Бұрынырақ мамандармен  туристік индустрияны дамытуда эстетикалық, экологиялық маңызы бар қызғалдақтардың табиғи  ландшафты анықталып, қызғалдақтарды меңгеру жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша «Жамбыл облысының Қызғалдақтары» ақпараттық бюллетень дайындалуда, тағы да туристік маршруттың карта-схемасы дайындалып, Жамбыл облысында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы ескерткіштер мен технологиялық маршрут картасы әзірлену үстінде.

Сонымен қатар, «Қызғалдақтардың табиғи мұрасы – Жамбыл облысының туризм бағытында дамуында басым бағыттың бірі» тақырыбында семинар өтіп, оған туроепараторлар, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Туризм және сервис»  кафедрасының оқытушылары, «Тараз-Туризм» Туристік ақпараттық орталықтың қызметкерлері, туризм саласында жұмыс істейтін мемлекеттік мекемелері мен Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері қатысты. Семинарда қызғалдақтардың табиғи мұрасын сақтау мен қолданудағы проблемалар, облыс территориясында ерекше қорғалған экологиялық және эстетикалық туризм мен өзге де тақырыптар талқыланды.Ресейлік жаратылыстану академия профессоры, б.ғ.к. – Анна Иващенко, Қазақстан Республикасының туризм саласында еңбегі сіңген қызметкер, эксперт Бахыт Оразымбетова, п.ғ.к. Олег Лютерович, ҚазАСТ туристік ақпараттық-әдістемелік орталықтың жетекшісі, ҚР  туризм саласында еңбегі сіңген қызметкер – Олег Лютерұлы сынды білікті лекторлар баяндады. Олар табиғи-ландшафты қызғалдақтар ескерткіштерін сақтау бойынша ұсыныстар жасады.

Қызғалдақ фестивалінің іс-шаралары ҚР Тұңғыш президент паркінде аяқталды.

«Қазақстанда қызғалдақтың 35 түрі бар, олардың 18-і Қызыл кітапқа енгізілген. Көбінде, қызғалдақ өсетін алқаптарға немқұрайлық танытып, өсуіне қолайлы жағдай жасамалғандықтан бұл өсімдіктің түрі азайып барады. Қызғалдақтар Жамбыл облысының брендіне айналуы тиіс және айналуы әбден мүмкін. Бастысы адамзат қызғалдақтардың түрін сақтап қалып, бұл гүлдердің ерекшеліктерін ұғынса екен. Сол себепті де баршаңызды қызғалдақтар өсетін табиғи орындарды қорғауға шақырамыз!» – деді Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелері жөніндегі орынбасары Аспандияр Сейсебаев.

Фестиваль қонақтары арнайы дайындалған қызғалдақтар инсталляциясының реңінде суретке түсіп, көпшілік концерттік бағдарламаланы тамашалап, жергілікті қолөнер шеберлерінің жұмыстарымен танысып, қолжетімді бағада сатып ала алды.

Ал, Іскер әйелдер кеңесі фестиваль аясында «Көне Тараздан достарға қоңырау» халықаралық келіссөз пункін ұйымдастырды. Телемост Турция, АҚШ және Иордания мемлекеттерімен өтті. Шет ел мемлекеттерінің халқы осылайша фестивальді бақылап, сәлемдерін Тараз қаласына жолдай алды.

Жалпы байқауға кәсіби фотографтардың 12 фото жұмысы көрмеге ұсынылды. Сонымен қатар, 41 байқау жұмысы – біздің облыстың суреттері, 32 жұмыс – сәндік-қолданбалаы өнер және 20 жұмыс қызғалдақтар туралы аңызға арналды.

Қатысушылардың жұмыстарын бағалаған әділ-қазылар мүшесінде: Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сара Мадиева, «Достық үйінің» жетекшісі Рано Убайдуллаева, «Филология және журналистка» кафедрасының профессоры, ф.ғ.к. Меруерт Көпбаева, «Рысбаева және Ко» ЖШС директора Сәуле Рысбаева, Қазақстан тарих кафедрасының магистрі Рахат Тобаджанова, кәсіби-фотограф Сергей Ожогов және «Биология» Кафедрасының доценті, б.ғ.к. Латипа Қожамжарова болды.

Дәл осы күні әділ-қазылар байқау жеңімпаздарын анықтады. «Қызғалдақтардың үздік фотосуреті» байқауының  бірінші орнын  Виктор Барбаш ұтып алды, екінші орын – Балжан Үтеулинаға бұйырса, үшінші орынды – Нұрсұлтан Керімбаев қанжысына байлады. Ал Айман Түлегенова, Әлия Емелина және Эльмира Мырзахметова «Қызғалдақтар туралы аңыз» байқауының жеңімпаздары атанды. Мөлдір Жангельдиева, Раушан Құндызбаева және Галина Авраменколар «Қызғалдақтар» сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары»  байқауының үздіктері деп танылды. Бірінші орынға – 30 000 теңге, екінші орынға – 20 000 теңге және үшінші орын иегерлеріне – 10 000 теңгеден табысталады. Үздіктер дипломдармен де марапатталады.

Фестиваль аясында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті студенттері қызғалдақтарға арналған флешмоб ұйымдастырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер