«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Экспортқа қалай шығамыз?

2017 жылғы 05 Қыркүйек
- Жамбыл облысы
8924 просмотров

Zoodel компаниясы өңірлерде бизнес-семинарлар өткізіп жатыр

Бүгінде көптеген қазақстандық кәсіпкерлер шикізат нарығын ретке келтірді. Алайда  қолда бар әлеуетті кеңінен пайдаланып, сыртқы нарыққа шығу мүмкіндігі көңіл қынжылтады. Кез келген бизнесменнің алдында «Тауарды экспортқа қалай шығаруға болады?» деген сұрақ туындайды. Осы ретте Zoodel компаниясы, «КAZAKH INVEST» ҰК» АҚ  және «Атамекен» ҰКП ұйымдастыруымен "Иә, сен экспорттай аласың!" атты бизнес-семинар керек жерде, керек уақытта көмекке келді.

Айта кетелік, бизнес-семинар өңірлер бойынша 31 шілдеде Атырау қаласында басталып, 7 қыркүйек күні мәресіне жетеді.

«Қазақстан тауарларын сыртқы нарықтарға шығаруға көмектесу» мемлекеттік бағдарламасы аясында ҚР Ұлттық экономика министрлігі, «КAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, «Атамекен» ҚР ҰКП және өңірлік әкімдіктердің қолдауымен Zoodel компаниясы еліміздің өңірлерінде бизнес-семинарлар өткізуде. Тараз – жоспардағы жиырма қаланың он сегізіншісі.

   

Семинарда «КAZAKH INVEST» ҰК» АҚ директоры Рамазан Ибраимов экспортқа мемлекеттік қолдау (сервистік және қаржылық) сұрақтары бойынша сөз сөйлеп, Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы АӨК бөлімінің басшысы Руслан Рахымбаев пен Азамат Мухамед – ZOODEL компаниясы сату мәселелері бойынша директоры тауар өндірушілерге қажет ақпараттармен бөлісті.

 «Бүгінгі таңда жаңа құралдар мен ақпараттық технологияларды пайдалана отырып қана отандық экспорттың үлесін арттыруға мүмкіндік бар» – дейді Азамат Мухамед.

Семинар барысында Жамбыл облысының тауарөндірушілері ТМД мен Жібек Жолы торабы нарықтарына шығуға арналған жаңа онлайн құралы туралы ақпараттармен танысты.

Жаңа құрал деп отырғанымыз – экспорт, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша толық қызмет көрсететін «Zoodel.com» халықаралық B2B онлайн сауда алаңы.   Оқыту, маркетинг, сауда серіктестерін анықтау, логистика, қауіпсіз төлем жасау, көп тілді контент, тендерлерге қатысу және басқа да қызметтер осы халықаралық электронды сауда алаңында жүзеге асады. «ZOODEL» мүйізді ірі қараны дамытып, экспорттық үлесін арттыруға, Қазақстанның сауда-саттық компанияларын өзге елмен қарым-қатынасын жеңілдетуге, жеткізуші мен сатып алушы арасындағы жеткізілімдер жүйесін қуаттандырып, шығынды азайтуға жол ашады.

  • «В2В  онлайн алаңы «Жібек Жолы» елдеріндегі, атап айтқанда Иран, Ирак, Ауғаныстан, Турция, Армения, Азербайджан, Грузия, Қырғызстан, Өзбекістан, Монғолия, Пәкістан, Индия, Тәжікстан, Түрікменстан, Ливан, Қытай, Индия және Ресей Федерациясы компанияларының  сауда-саттық саласы жұмысын жеңілдетеді»- дейді Руслан Рахымбаев.  

Спикердің айтуынша сатып алушы мен жеткізушіге өз логистика жүйесін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Электронды платформада  маманданудан бастап тауарлар мінездемесіне дейін толық ақпарат алмасу, бөлісу процесі жүреді. Сауда алаңында жеткізуші мен сатып алушы өзара келіссөздер жүргізіп, тапсырыстарды орналастырады. Жеткізуші тауарды мекенжайға дейін жеткізуді ұйымдастырса, тапсырыс беруші еш қиындықсыз кепілдендірілген төлеу жүйесі арқылы төлемдерді жүргізеді (тауар, жеткізу қызметі үшін). Сонымен қатар бағалық сұраныс бойынша жеткізушіні іздеу мен аудармашының көмегіне жүгіне алады.

Семинар соңында кәсіпкерлерге ZOODEL компаниясы мен даму институттары өкілдерімен жекелей кездесулер ұйымдастырылып, кәсіпкерлерге кеңестер берілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер