«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қарапайым жұмыссыз бизнесменге айналды

2017 жылғы 12 Қыркүйек
- Жамбыл облысы
3341 просмотров

Жамбылда 225 миллион теңгеден асатын жобалар қаржыландырылды     

 «Bastau Бизнес» ауыл тұрғындарының әлеуетін арттыратын бірегей жоба екеніне көптің көзі жетіп келеді. Күні-кеше бизнес негіздеріне тегін оқытудың 4-ші легі жемісті аяқталды. Аудандарда топтасқан 154 адам бизнес-жоспарларын деңгейінде қорғап шықты.

Елімізде білікті мамандар тапшылығы айтарлықтай сезіледі, тіптен оларды шаммен жүріп іздейміз. Ал, еңбек нарығында керісінше техникалық және кәсіптік мамандықтарға сұраныс жоғары. «Bastau бизнестің» мақсаты – тікелей еңбек нарығындағы қажеттіліктерді ескере отырып, білікті кадрларды оқытып, маман тапшылығы мен жұмыспен қамту сияқты екі мәселенің шешімін табу.

«Айқындалған мақсат Жамбыл облысында өз межелегеніне жетті. Жылбасында қойылған жоспарларымыз уақтылы орындалуда», - дейді Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Диана Түкпетова.  - Өңірдің алты ауданынды бастау алған пилоттық жоба арқылы 780 адам бір айлық оқуы ешбір олқылықсыз оқып шықты. Олардың ішінде 90 бизнес-жоба «Агрокредиттік корпорация» АҚ, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Атамекен Тараз» микроқаржы ұйымы арқылы қаржыландырылды. Қаржы ұйымдарының әмиянынан берілген қаражаттың жалпы сомасы әзірше 225 миллион теңгеден асып отыр, - деп толықтырды.

«Бастау Бизнес» жобасы арманы асқақ, алайда қолы қысқа талайлардың арманын орындауға мүмкіндік берді. Солардың бірі – Қордай ауданының тұрғыны Еркінбек Құттықов. Көгілдір жәшіктен тегін оқу туралы ести сала қара сиясы мен дәптерін қолтығына қыстырып, оқуға екі аяғы жетектеп әкелген. Солай бір ай бойы сабақтан қалмай оқып, дәл бір студенттік кезімізді ескі түсіргендей болдық, - дейді ол. 6 пайызбен 3 миллион теңге несие алып, 6 жылқы мен 600 түк көк шөп алуға жұмсаған. Түліктің қасиеттісі – жылқыларды шекаралас қырғыз елінен емес, жергілікті базардан сатып алған. Онымен қоса, Ресейден альбен дәрісін алдыртып, жылқылардың денсаулықтарына қамқорлық танытып отыр. Енді келер айда 45 күн баптаған жылқыларын семіртіп сатып, мал басын көбейтпек.

Жоба түлектерінің арасында болашақ бизнесвумендер де жоқ емес. Қарашаш Кулгарина өмір бойы бала-шағаның қамы деп келген. Елуді алқымдаған шағында ауылды жерде жеке бизнесін дөңгелетіп, мал шаруашылығымен айналысуға бастайды. 220 мың теңгеден 17 бас сиыр, 15 мың тонна жем алып, берілген 6 миллион теңге қаражат толық әрі орынды жұмсалды, - дейді екінші легтің қатысушысы Қарашаш Жұмаділқызы. 

  • Жергілікті базарға литрін 100 теңгеден өткіземін, күнделікті шығынымызды өтеуге жарайды. Әзірше тек 4 сиыр сауылмалы, келер жылы түгіл 17 бас сүтті ірі қара сауылып, пайдаға кенелетін боламыз. «Бастау Бизнес» жобасына алғысымыз шексіз, таң атысы кеш батысы күйбең тіршіліктен көз ашпайтын біздер оқудан кейін өмірге, бизнеске деген көзқарасымыз өзгерді.

«Бастау Бизнес» жобасы алты ауданда да белсенді жүзеге асырылуда. Қордай  елді мекенінің бизнес-тренері Самал Атагельдинова қордайлықтардың жоғары кәсіпкерлік белсенділікпен ерекшеленіп отырғанын және аталған жобаны жүзеге асыру барысындағы алғашқы нәтижелерге сәйкес республика бойынша алдыңғы қатарларда тұрғанын айтады. Төртінші легте оқыған 29 қатысушының 5-і аудандық кооператив құрамына енген.

 

 - Менің ойымша, бұл жобаның ерекшелігі біз тек қана оқытып қоймай, әрбір қатысушының бизнес жоспарын сүйелмелдеп отырамыз. Түскі мезгілге дейін оқыту процесі жүрсе, ал түскі мезгілден кейін жеке-жеке кеңес беруге кірісеміз. Ауыл тұрғындары қаржыландыру алғысы келсе, бірлесе толық құжаттарды жинақтаймыз.

 

Қордай ауданының  бизнес-тренерінің айтуынша, жасы да жасамысы да оқуға ең алғаш келген күн мен оқудың соңғы күндерімен салыстырғанда ойы да, санасы да, интеллектуалдық қабілеті де артатыны байқалады – дейді. Қатысушылардың көбі бұрын-соңды бизнес жоспарлау, бизнес есеп жүргізу дегенді, шығын мен кірісті есептеуден бейхабар болатын. Біз әр кәсіпкерге бизнесті психологиялық ойлауды үйретеміз. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалардың түрлерімен таныстырып, маркетинг, ауылшаруашылығы кооперативтерінің тиімділігін түсіндіріп, жалпы бас-аяғы 12 түрлі модуль бойынша сабақ береміз. Кейін жобаны сүйемелдеумен аймақтық Кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалы айналысады. Яғни, ісін жаңа бастаған кәсіпкер оқуды аяқтап, қаржыландыру алғаннан кейін нарықпен бетпе-бет жалғыз қалмай, жыл бойы оны қолдап және бағыттап отырады.

Жамбыл облысы бойынша оқу соңына дейін 1125 адамды оқытылмақ. Қазірде бизнес негіздеріне оқытудың бесінші легі қадам басты.


 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер