«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Идея жәрмеңкесі»

2017 жылғы 16 Қараша
- Жамбыл облысы
3794 просмотров

Үздік жобалар анықталды

Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасында «ЖАС КӘСІПКЕРЛЕР МЕКТЕБІ»  атты 18 бен 29 жас аралығындағы жас әрі креативті адамдарға арналған жобаның шешуші мәресі өтті.

Аталған жоба жастардың инновациялық және кәсіпкерлік потенциалын оятып, жастарды кәсіпкерлікке баулу,    жас кәсіпкерлердің құзыреттік деңгейін көтеруге бағытталған. Жоба қатысушыларға кәсіпкерлік негіздерін, бизнес-жоспар дайындауда консультативтік қызмет көрсету, бизнес-жоспарларды қорғау алаңын ұйымдастыру, «Идея жәрмеңкесі» байқауын өткізуді көздейді.

Қатысушылар оқу барысында бизнестің қыр-сырын меңгеріп, болашақта жүзеге асырғысы келетін жобаларын комиссия алдында қорғап шықты.

Жаңашылдығы, әлеуметтік маңызы жағынан сәйкес келетін 6 студенттің жобасы іріктеліп алынды.

Олар:

  1. «Бастауыш сыныптарға арналған қосымша білім беру орталығы»
  2. «Жастық және көрпе шығаратын шағын цех»
  3. «Автошиналарды резеңке , металл, және тоқымаға қайта өңдеу
  4.  «Перделерді тігіп шығаратын тігін шеберханасы»
  5. «Жұмсақ ірімшікті шығаратын шағын цех»
  6. «Балаларды емдейтін массаж орталығы»

Мәселен,  М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің  студенті Анна Чакалова түрлі фабрикаттарсыз, қоспасыз, табиғи таза өнімнен жергілікті халықты қамтамасыз етпек. Аннаның отбасысы сүт өнімдерін өндіріп, мал шаруашылығымен ертеден айналысады. Ата кәсіпті қуған студент бизнес-жоспарын алдағы уақытта міндетті түрде жүзеге асырамын, - дейді ол. Айтуынша, жас кәсіпкерлер мектебінің арқасында түрлі тың идеялармен танысып, болашақ бизнесменге қажет қасиеттерді меңгеріпті.

Байқауда бағын сынаған әр қатысушының тыңғылықты дайындалғандығы көрініп тұр. Есеп-қисаптары, маркетингтік жағынан есептелуі, шығын мен кіріс, жүзеге асыру орны тиімді таңдалған, бизнес бастаудағы барлық жайттар жан-жақты қамтылған. Бұл ең әуелі Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренерлерінің еңбегі – дейді, Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасының қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Диана Түкпетова.

Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, «Даму» қоры, Жас кәсіпкерлер Кеңесі, Іскер әйелдер Кеңесі мен аяғына нық тұрған, бизнесін нөлден бастаған кәсіпкерлерден құралған комиссия мүшелері барлық бизнес-жоспарлаға жоғары бағасын беріп, өз тәжірибелерімен бөлісіп, жастардың бастауыш жұмыстарына сәттілік тіледі.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер