«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жамбыл кәсіпорындары үздіктер қатарында

2017 жылғы 07 Желтоқсан
- Жамбыл облысы
3546 просмотров

Жамбыл облысының компаниялары республикалық байқаулардың марапатын иеленді

Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жыл сайын ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының марапттау рәсімі, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесі мен «Парыз-2017» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Дәстүрлі шара биыл «Expo конгресс-орталығында» ұйымдастырылды. 

Іс-шара барысында Елбасы І Индстриялау күні қарсаңына орай бірқатар индустриялық, инновациялық және инфрақұрылымдық жобалар іске қосты. 26 жыл ішінде Қазақстан орасан зор жобалар мен реформаларды жүзеге асырды, стратегиялық жоспарлар арқылы экономиканы тұрақтандырды. Нәтижесінде бүгінде республиканың түкпір-түкпірінде қуатты инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық кәсіпорындар бой көтеруде. Бұл жобалар бүгін  Елбасы қолдауымен іске  қосылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы жылдың айтулы шарасы. Биыл бұл байқауда 101 компания бақ сынап отыр. Республиканың түкпір-түкпірінен жиналған компаниялар арасында әрдайым сапа мен даму тұрғысынан ерекшеленетін, облыста 6000-нан астам адамды жұмыспен қамтыған, өңір экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосқан – «Қазфосфат» ЖШС компаниясы «Сапа үздігі» аталымында үздік деп танылды. Марапат Елбасының өз қолымен компанияның Басқарма Төрағасы – Мақсұтбек Есеновқа табысталды.

Бұл марапат осымен 12 жыл қатарынан сапалы тауарлар мен өнімдер, жоғары деңгейде қызмет көрсету, кәсіпорынды заман талабына сай техникамен жабдықтаған, инновациялық әдістерді енгізген алыптарды анықтау мақсатында ұйымдастырылып келеді.

Еңбек Ері, Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің Төрағасы, «Қазфосфат» ЖШС компаниясының бас директоры Мұқаш Ескендіров басқарған кәсіпорын расымен де көптеген көрсеткіштерге қол жеткізді. Өнім көлемін де сапасын да арттырды, шет мемлекеттермен әрістестік қарым-қатынас орнатып, ілкімді істер атқарды, сан түрлі келісімшарттар жасасты.

Дегенмен де, сонғы 10 жылда жамбылдық кәсіпорындар арасында ешбір компанияға еліміздің кәсіпкерліктің басты сыйлығына ие болу бұйырмаған. Онымен қоса, жамбылдың мақтанышы «Қазфосфат» ЖШС компаниясы екі бірдей марапатқа ие болды. Салмағы мен жауапкершілігі үлкен «Ұлы Дала Елі» сыйлығын жеңді.

«Атамекен» ҚР ҰКП ұйымдастыратын «Ұлы дала елі» шатырлы брендін қолдану құқығын беру байқауы үздік тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілер үшін сыртқы нарыққа шығу барысында жақсы көрсеткіш. «Ұлы дала елі» шатырлы бренді 5 жыл көлемінде Қазақстан Республикасында қызмет көрсететін немесе отандық тауар шығаратын кәсіпорындарға берілетін таным белгісін «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев салтанатты марапаттады.

Байқауды ашық әрі әділ өткізу мақсатында жалпыұлттық ғаламторда  дауыс беру арқылы өтті. Дауыс беру 9-19 қараша аралығында өтіп, онда  16 756 адам қатысты. Интернет-дауыс берудің қорытындысы бойынша  «Қазфосфат» ЖШС 6,119 дауыс (36, 5%) жинап, екінші орынға ілікті.

Жамбыл облысында 1999 жылы құрылған кәсіпорын. 6028 адамды жұмыспен қамтып отырған «Казфосфат» ЖШС-ның 7 бөлімшесі бар. Химия саласының өнімдерін шығаруға маманданған кәсіпорынның негізгі өнеркәсіптік қуаты Жамбыл облысында шоғырланған. Тауар мен қызмет көрсетудің жергілікті қамту үлесі 68,5%.

Сонымен қатар, салтанатты шара аясында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Іскер» арнайы сыйлығын табыс етті.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өз саласындағы табысты кәсіпорындарды қолдау мақсатында 2015 жылы «Іскер» арнайы сыйлығын бекіткен. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша өз саласында белсенді де сапалы қызмет атқарған 10 компания арнайы сыйлықтың иегері атанды. Үздіктердің қатарынан Жамбыл облысы Қордай ауданында орналасқан «АLENSIA» компаниясы да көрінді.

«АLENSIA» компаниясы 2009 жылы Жамбыл облысы Қордай ауылында құрылған болатын. Бұл өңірдің дамуы мен өсіп-өркендеуі жолында тігін өндірісі саласында балалар киімдерін тігумен айналысатын өзіндік кәсіпорын. Компания құрылған күннен бастап тұрақты және қарқынды түрде  өндіріс көлемін ұлғайтып, ассортиментін үлкейтіп, өткізу нарығына белсенді шығуда.

Кәсіпорынның негізгі өнімі – барлық жастағы мектеп оқушыларына арналған мектеп үлгісі мен балалар киімдері.  «АLENSIA» компаниясы өз өнімдерін Қазақстаннан тыс Беларусия және Ресей елдеріне экспорттайды. Өзге елдерде бұл отандық тауар жоғары сұранысқа ие және компания сенімді серіктес екенін дәлелдеді.

«Биылғы жылы біздің компания алғаш рет «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауына қатысып, жеңімпаз атанды. Бұл біз үшін күтпеген жағымды жаңалық болды. – компанияның директоры Александр Радушкин. - Ал біздің компанияның жүздеген алып кәсіпорындардың арасында үздіктердің қатарынан көрініп,  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы табыс еткен «Іскер» арнайы сыйлығына ие болуы – біздің өңір үшін үлкен абырой, жаңа белес деп білем. Кәсіпкерлердің бизнесін, жұмысын ынталандыру үшін сапа мен бәсекелестікті арттыратын аталмыш байқаулар керек. Себебі қазіргі қарбалас өмірде бізге жан-жағымызды бақылып, әріптестеріміздің жетістіктері мен жаңашылдығына мән беруден қалыс қала береміз, кейде. Мұндай дода өз компанияыңның дейгейін білуге көмектеседі. Қазірде бизнесмендер үшін басты проблема – өткізу нарығы, сол себепті де ұйымдастырушыларға алғыс айтып, барлығын қазақстандықтарды отандық тауарөндірушілердің өнімдерін тұтынуға шақырамын!».

Компания «Жоғары сапа» қағидасын ұстанады. Бұл ұстанымдың іс жүзінде көптеген тұтынушы растады. Осылайша компания бірнеше диплом мен медальдарға ие болып келеді.

Бүгінде мекемеде білікті әрі тәжірибелі тігіншілер, технологтар, модельерлерді қоса есептегенде жалпы саны 30 адамды тұрақты жұмыспен қамтылып, еңбек етеді.

«Биыл алғаш рет Жамбыл облысының қоржынына бірден үш мемлекеттік деңгейдегі сыйлық табыс етілді. Жоғары марапатқа ие болған әр кәсіпорын тәжірибелі әрі білікті мамандар, қызмет көрсету деңгейі мен өндіретін өнімдерінің жоғары сапасымен, заманға сай техникалық жабдықталуымен ерекшеленіп, нәтижесінде үздіктердің сапында көрінді, деп есептеймін. Өз елінде еленіп, халқына танылған компаниялардың жеңісі – Жамбыл облысында бизнес ортаның қалыптасып, кәсіпкерліктің дамуының белгісі деп білем» ­- деп, Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасының директоры Мәріпбек Шәкербек құттықтау лебізін білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер