«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Заңды қателік

2017 жылғы 13 Желтоқсан
- Жамбыл облысы
3129 просмотров

Биыл «Атамекен» ҰКП Проблемалық сұрақтар реестіріне еліміздің кәсіпкерлері көтерген барлығы 138 сұрақ енгізілді

Жауапты органдар тарапынан оң шешімін тапқан сұрақтардың бірі Жамбыл облысына тиесілі.

Мәселенің мән-жайын толық баяндайтын болсақ, ағымдағы жылдың ақпан айында Өңірлік кәсіпкерлер палатасына Жамбыл облысының бір ауылдық округы әкімінен «Ауыл аумағында карантиндік аймақ ветеринарлық режимін белгілеу» туралы жобаның шешімі келіп түсті.   

Басты мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық аудандық инспектордың аудан аумағында ірі қара малдың эмфизематозды карбункул ауруына шалдыққандығы анықталғандығы туралы анықтама себеп болды. Ауыл әкімі мал дәрігері қорытынды шығарған соң барып, араға 2,5 ай өткен соң карантин туралы шешім қабылдайды.

Белгілі болғандай, қолданыстағы бірде-бір актіде ауыл әкімі карантин туралы шешімді қашан шығару керектігі туралы ешқандай да мерзім көрсетілмеген. Яғни, формальді түрде шенеунік заңды бұзған жоқ. Екінші жағынан екі жарым ай ішінде жұқпалы мал еті еркін сатылымға түсіп, жұқпалы ауру әрмен қарай өрби түсу қаупі  басым еді.

Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасы орын алған олқылықты Ұлттық палатаның назарына ұсынып,Проблемалық сұрақтар реестіріне енгізіп, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүгінді.

Аталған ведомствода сұрақтың мән-жайымен келісті, қазіргі таңда заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бағытында рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, алдағы уақытта осы іспеттес мәселелерге тап болған жағдайда, кез келген әкім карантин туралы шешімді үш жұмыс күнде қабылдайды деп жоспарланып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер