«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мақсат – жас кәсіпкерлерді даярлау

2017 жылғы 22 Желтоқсан
- Жамбыл облысы
4182 просмотров

№9 орта мектепте «Бизнес және кәсіпкерлік негіздері» пәнінің алғашқы ашық сабағы өтті

«Бизнес және кәсіпкерлік негіздері» таңдау пәні «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастмасымен және ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен дайындалған. Пәнді жүргізуге арналған оқулықтың жазылуына кәсіпкерлер, әдіскерлер, психолог мамандар, оқушыларды қабылдау форматына сәйкес материалдар енгізген ұстаздар да атсалысқан.

Осы оқулық бойынша оқып жатқан №9 орта мектепте алғаш рет ашық сабақ өтті. Ашық сабақты мектептің тарих, құқықтану және экономика негіздері пәнінің мұғалімі Ержан Рәпілбаев 10 сынып оқушыларына жүргізді. Мұғалім сабақ барысында кәсіпкер кім екенін және сауданың қыр-сырын арнайы технология бойынша түсіндіруге тырысты. Бір ерекшелігі ұстаз бұл саланы әдебиетпен байланыстыра жеткізуінде болды. Жалпы ол сабақ теориялық түрде, іскерлік ойын және бизнес-тапсырма түрінде өрбіді.          

Әзіргі пилоттық жоба ретінде бұл пән еліміздегі тек 16 орта білм ордасында жүргізілуде екен. Ал келер жылы жылдың қыркүйек айынан бастап барлық мектептерге енгізіліп, 10 және 11 сынып оқушыларына оқу кестесіне элективті негізде, яғни оқушының қалауымен оқытылатын болады. Апробацияға ұсынылған білім ошақтарының бірі осы №9 орта мектеп.    
- 10 сынып оқушысы Саид Тафиев қазірден бастап екі білегін сыбанып, кәсіппен айналысуға бел-буып отыр. Ересек өмірге аттағанда кәсіпкер боламын, дейді ол. Дәлірек айтқанда, аталған пәннің арқасында сүт өнімдерін шығаратын цех ашып, осылайша өңір экономикасының дамуына өз үлесін қосу.

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Гүлмира Мырза-Ғалидің айтуынша, кәсіпкерлік негіздерінің мектеп бағдарламасына экономикалық терминология, бизнес-жоспарды дайындау, заңды тұлғаны тіркеу, қаржылық есеп және бизнесті құқықтық реттеу тақырыптары енген.

– Бүгінде облыстық кәсіпкерлер палатасы тарапынан жастарды бизнеске үйретуге бірқатар жұмыстар атқарылуда. Соның бірі осы пәннің мектеп бағдарламасына енгізілуі. Мұндағы мақсат – мектеп бітірген соң оқушының өзін-өзі жұмыспен қамтуға бағыт-бағдар беру. Олардың осы салаға деген қызығушылығын арттырып, білімін жетілдіру. Сондай-ақ, палатада жыл сайын «Жас кәсіпкер» байқауы өткізіліп, үздіктерге қолдау да көрсетіліп келеді, яғни келер жылы өңірге қажет бизнес-идеяларыңызды арқалап, бақтарыңызды сынауға шақырамын, – дейді Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Гүлмира Мырза-Ғали

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер