«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шенеуніктер қателігі

2018 жылғы 06 Сәуір
- Жамбыл облысы
2302 просмотров

Кәсіпкерлердің құқын бұзған салықшылар жазаға тартылды

Алдыңғы уақытта айтқанымыздай, Жамбыл облысында мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері  Салық кодексінің ескі редакциясымен бизнесменге 2,7 миллион теңге көлемінде айыппұл салған. Алайда, Өңірлік палатаның іс насырына шаппай тұрып мәселеге білек сыбана кірісуінің арқасында миллиондаған айыппұл арқалаған кәсіпкердің қарызы Салық кодексінің жаңа басылымына сәйкес 120 мың теңгеге дейін қысқартылған болатын.

Еске салсақ, Т.Рысқұлов атындағы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасымен осы жылдың 30 қаңтарында ҚР Әқбтк-нің 269 бабы  3-тармағына сәйкес кәсіпкер Макижан Тұғылшиевқа қосылған құн салығы бойынша өтінішті есепке қою туралы белгіленген мерзім уақытын бұзғаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық туралы қаулы шығарылды.

Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасының өкіледрі қаулымен келіспеген бизнесменге аудандық сотта шағымдануға мұрындық болды. 2 миллион 700 мың теңгенің айыппұлы әп-сәтте 120 мың теңгеге айналды. 

Күні-кеше облыстық мемлекеттік кірістер департаменті құқықтық қателік жіберген жауапты тұлғалардың жауапқа тартылғандығы туралы ақпараттандырды.

Әкімшілік іс жүргізу бөлігі бойынша тиісінше бақыламауына байланысты аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасарына сөгіс жарияланды. Әкімшілік іс жүргізу бойынша тікелей орындаушыға қатысты қызметтік тексеріс тағайындалды.

Айта кетейік, тұтас алғанда биылғы жылдың алғашқы тоқсанында Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасына бизнес субъектілерінен келіп түскен өтініштердің тоғызы оң шешілді. Сондай-ақ, тағы 13 өтінішкетүсініктемелер берілді. Кәсіпкерлер палатасының қатысуымен 12 сот ісі өткізіліп, олардың тең жартысы кәсіпкерлердің пайдасына 4,6 миллион теңге көлеміндегі қаражат оң шешілді.

Еске салсақ, Салық Кодексіндегі өзгерістер «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен енгізілген болатын. Жаңа құжаттың көптеген тармақтары Қазақстанда бизнес жүргізуді едәуір жеңілдетті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер