«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мәріпбек Шәкербек: «Бастау» түлектерінің жобасын қаржыландыруды 50%-ға жеткізуіміз қажет»

2018 жылғы 17 Шілде
- Жамбыл облысы
6847 просмотров

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде атқарылған жұмыстар туралы өткен брифингте Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының директоры осылай мәлімдеді

«Жалпы, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 2018 жылға 12.9 млрд.теңге қаражат бөлінген, оның ішінде: республикалық бюджеттен – 5,3 млрд.тенге, жергілікті бюджеттен – 7,6 млрд. тенге бөлініп, 16 482 адамды бағдарламамен қамту жоспарланған. Бағдарламаның 1 бағыты аясында биыл  жергілікті бюджеттен  қысқа мерзімдік курстарда 4 100 адамды оқыту үшін 1259,8 млн.теңге  бөлінді».

2018 жылдың 1-ші шілдесіне дейінгі мәлімет бойынша Жамбыл облысында қысқа мерзімдік курстар (1 айдан 6 айға дейін) 41 оқыту орындарында 2 890 адам 65 мамандық бойынша оқуда. Олар: тігіншілер, автокөліктер жөндеу шебері, бухгалтер, кондитер маманы, массажист, сұлулық үйлерінің мамандары, компьютер техникаларын жөндеу мамандары, автокөліктік электроқұрылғыларды жөндеу шебері және т.б.

 Табысты және өнімді жұмыс орындарына қол жеткізу үшін білім мен кәсіби дағдылардың жеткіліксіздігі шектеу жасайды. Осыған байланысты, «Атамекен» ҚР ҰКП қайта ашылып жатқан оқыту орталықтарын, жұмыс істеп тұрған орталықтардың жүйелі жұмыс істеуі үшін кластерге, консорциумдерге, бірлестіктерге біріктіріп, үздіксіз кәсіби білім беру жүйесін қалыптастыруды мақсат етуде – дейді М.Шәкербекұлы. Мұндай орталықтар орта буындағы мамандарды дайындауға және жұмысшы кадрларды қысқа мерзімдік бағдарлама негізінде кәсіби дайындауға даңдыланған.

Өңірлік палата директорының айтуынша, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап «Еңбек» бағдарламасына өзгерістер енгізілгеннің нәтижесінде қысқа мерзімдік оқыту курстарына «Атамекен» ҚР ҰКП-ның оқыту орталықтары Тізіліміне еңген, яғни кәсіпорындар базасында ашылған Оқыту орталықтары да қатысу мүмкіндігін алды. Осы орайда, «Атамекен» ҰКП-ның оқыту орталықтары Тізіліміне енгізу  оқыту орындарына не береді деген заңды сұрақ туындайды. Әуелі, ең төменгі жұмыс тәжібриесіне қарамастан «Еңбек» бағдарламасына қатысуға мүмкіндік береді.

Кәсіпорындар қарамағында оқыту орталығын ашудағы мақсат – кәсіпорындардың өздеріне қажет мамандарды даярлау және  біліктілігін арттыру.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің мәліметінше, Жамбыл облысы кәсіпорындарына жүргізілген сауалнама нәтижесінде 72%-ында штаттағы қызметкерлердің саны өзгеріссіз қалмақ, 26 пайызында өсім күтілуде және 2,1%-ы қызметкерлердің санын қысқарту жоспарда бары анықталды.

Бағдарламаның 2-ші бағыты шеңберінде, өздеріңізге белгілі, облыстық Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік негіздеріне оқытатын «Бастау бизнес» жобасын жүзеге асырушы болып табылады. Оқытудың қатысушылары – кәсіпкерлік әлеуеті бар, ауылдық елдімекендерде және аудан орталықтарында тұратын жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

2017 жылы жоба аясында Жамбыл облысында оқыту 6 ауданды қамтып, 1 125 адам оқытылды. Олардың 832-і қатысушысы бизнес-жобаларын қорғап, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры, Шағын несие ұйымдары, Агро несиелік корпорация мекемелеріне қаржыландырылу үшін ұсынылды. 296 адам несие алып, өз кәсіптерін ашты (жоспар бойынша – 225 адам).

Қаржыландырылған 296 жобаның 294-і Агро Өнеркәсіп кешеніне қатысты (жылқы шаруашылығы, мүйізді ірі қара, ұсақты қара мал, құс шаруашылығы, жылыжай шаруашылығы). Қалған екі жоба қызмет көрсету саласында (қызмет, сұлулық салоны) жүзеге асты.

Баяндамашы өз сөзінде қаржыландырылған жобалардың басым көпшілігі – стартап жобалар екенін атап өтті.

Ал, биыл жоба өңірдің барлық аудандарын қамтыған. Жоспар бойынша 2 347 адам оқытудан өтуі тиіс, кемінде 469 тыңдаушы өз кәсібін ашады деген жоспар қойылған. 2018 жылдың алғашқы 6 айында 1 059 адам оқытылып, олардың 1 014-і комиссия алдын өз жобаларын қорғап, оқытуды аяқтағандығы туралы сертификаттар алды. Бизнес-жобалардың негізгі бағыттары – ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы (89%), қалған 11 пайызы –өңдеу өнеркәсібі, қызмет көрсету және сауда-саттық саласына тиесілі.

Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Диана Түкпетова жаппай кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру үшін шағын несиелеу көлемі ұлғайтылғандығы жөнінде айтты.                                                                                       

 «Кепілдендіру және қарыздарды субсидиялау, кепілдіксіз несие беру тәжірибесі, сондай-ақ, микроқаржы берілген жобаларды сүйемелдеу жүйелері дами бастады. Шағын несиелер қалаларда «Даму» қолдау қоры» АҚ арқылы, ауылды жерлерде – «Агронесиелік корпорация» АҚ арқылы бөлінеді. Қаржыландырудың инфрақұрылымына микроқаржы ұйымдары мен екінші деңгейлі банктер, «ҚазАгро» холдингінің еншілес ұйымдары тартылған».  

Бүгінгі таңда өңірде «Бастау бизнестің» 120-ға жуық қатысушының жалпы көлемі 440 миллион теңгеге несиесі мақұлданған. Қалаларда микроқаржы екінші деңгейлі банктер, микроқаржы ұйымдары «Даму» қолдау қоры АҚ арқылы іске асады. Қалаларда шағын несиелеуге 1 232,6 млн.теңге қарастырылған (РБ  699,2 млн.теңге, из ЖБ 533,4 млн.теңге).

Қазіргі таңда жалпы сомасы 52,5 млн.теңгені құрайтын 5 жобаға несие бөлінген.

Онымен қоса, стартап-жобаларды жүзеге асыру жолында қаржының жеткіліксіздігі сынды проблеманың бар екенін атап өтуге болады.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовтың Үкімет отырысында «Бастауға» қатысты біраз кемшін тұстарға тоқталып өтті. Өздеріңізге белгілі, ауылдық жерлердегі жобаларға шағын несиелеуге 44 млрд теңге бөлінгені туралы ақпарат айтылды, оның ішінде 10 млрд теңге – якорлы кооперацияларға, 34 млрд – стратап жобаларға. Бірақ сандарға көз салсақ, қаражаттың 27%-ы ғана «Бастауға» бағытталады екен. Осы орайда, «Бастау» жобаларын қаржыландыруға басымдықты ішкі құжаттар деңгейінде бекіту қажет» - деген ұсыныстар айтылды.

Кәсіпкерлер палатасы да Өңірлік деңгейде «Бастау» жобасының түлектерінің жобаларын сүйемелдеуге басымдық беретін болады. Сондай-ақ, шағын несие беру көлемін артуға екінші деңгейлі банктер мен қаржы ұйымдарын көптеп тарту жұмыстарын жүргізетін болады. «Бастау» түлектерінің жобасын қаржыландыруды 50 пайызға дейін жеткізуді мақсат етіп отырмыз.

Баспасөз конференция соңында Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері «жұмыссыздықты азайты, ауылдағы кәсіп, қысқа мерзімдік оқыту курстарына қатысты» сауалдарын қойды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер