«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Келелі істер кеңсесі ашылды

2018 жылғы 10 Қыркүйек
- Жамбыл облысы
2767 просмотров

Жамбыл облысы Шу ауданында күні кеше Іскер әйелдер Кеңесі кеңсесінің есігі салтанатты түрде ашылды. Талай ауыл келіншегінің басқосу орталығына айналмақ ғимараттың Қазақстан бойынша баламасы жоқ        

Шарапатты шараның қызыл лентасын Шу ауданы әкімі Қайрат Досаевпен пен Жамбыл облысы Іскер әйелдер Кеңесінің Айгүл Ақшалова кесіп, жылы лебіздерін білдірді.

«Қазақстанда бүгінде жаңа идеялардың қайнар көзі, экономиканы әртараптандырудың кілті – кәсіпкерлікті дамытуды ісіне маңыз берілген. Мемлекет бизнесін ашпақ әр адамды қамқорлығына алып отыр.  Оның ішінде әйелдер кәсіпкерлігінің дамуы – қоғам үшін маңызды. Орталықтың жұмысына табыс тілеймін, әйел кәсіпкерлердің саны арта берсін», – деді Айгүл Ақшалова.

 

Бүгінде елімізде бір қолымен бесік тербетіп, екінші қолымен кәсібін дөңгелетіп жүрген бизнесвумендер аз емес. Шағын және орта бизнестің  41 пайыз үлесі дәл осы әйел затына тиесілі. Олардың көпшілігі кәсіпорындарда, сауда, қызмет көрсету саласында жүрсе, бірқатары әйел затының табиғатына жақын кәсіп көздерімен айналысып,  толайым табыс пен жетістіктерге жетіп жүр.

Өзім деп емес, елім деп қызмет ететін, кәсіпкерліктің қыр-сырына қаныққан нәзікжандының бірі Шу ауданы және Шу қаласы Іскер әйелдер Кеңесінің төрайымы Ғалия Әбітаева. Оның ұйытқы болуымен дүниеге келген орталықта психологиялық бейімделу, құқықтық кеңестер, қаржылай және қаржылай емес қолдаулар, кәсіпкерлікке бағыт бағдарлар көрсетіліп, сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттар беріледі. Кеңес Төрайымының айтуынша, ғимарат небәрі 3 ай уақыт аралығында бой көтерген.

«Қызмет барысында маған күнделікті ондаған әйел қауымы келіп, түрлі кеңестер сұрап жатады. Мен әйелдердің қоғамдық-саяси әлеуетін жүзеге асыруға ынталандыру, әйелдердің ұсыныстарын қолдау, олардың қоғамдағы рөлін түсіндіру,  жұмысын қалыптастыру, тәжірибе алмасу, өз кәсібін ашуға жәрдемдесуге тырысамын. Осыдан барып, нәзікжандылардың ақылдасатын орны, кеңесетін кеңсесін құру идеясы пайда болды» – дейді іскер ханым.

 

Салтанатты жиында кәсіпкерлік дағдыларын дамыту аясында «Әйелдер және бизнес» – атты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне арналған семинар шеберлік сағаты өтті.

Сондай-ақ, іс-шараға арнайы келген Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер Кеңесінің мүшелері ауданның қыз келіншектерімен тәжірибе алмасып, кәсіп жүргізудегі бірқатар ақыл-кеңестерімен бөлісті.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер