«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Батут орталығы балалар көңілінен шықты

2018 жылғы 17 Қыркүйек
- Ақтөбе облысы
9524 просмотров

Ақтөбеде үй шаруасындағы әйел батут орталығын ашты. Жаңа кәсіптің бизнес-жобасын әзірлеу мен керек құжаттар топтамасын жинауға Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы көмектесті.

 Алина Қалдыбаева 33 жаста. Ол күйеуі екеуі 4 баланы тәрбиелеп отыр. Осындай бизнесті ашуға балалар түрткі болуі мүмкін, дейді бастауыш кәсіпкер.

 «Балаларға қызықты демалыс ұымдастыру үшін іздену керек болды. Балалар белсенді ойынға қызығатынын байқадық. Жолдасым кәсіп ашып, батут орталығын құруды ұсынды. Кеңес алу үшін Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасы көмегіне жүгіндік. Идеямыз құпталып, жылдам жүзеге аса бастады», – деді Алина Қалдыбаева.

 ӨКП мамндары бизнес-жоспар әзірлеп, қажетті құжаттар топтамасын жинаған соң, бизнес ханым банктен жеңілдетілген мөлшерлемемен 11 млн 700 мың теңге несие алдын. Бизнес-жоспар екі-ақ күнде дайындалды. Тағы екі апта банктің мақұлдауына кетті. былтырғы жазда батут орталығына арнап ангар құрылысы, витраждарды әйнектеу, жабдық орнату жұмысы жүргізілді. Тура бір жылдан кейін «FLY TIME» @fly_time_aktobe атты батут орталығы ашылды. 10 адам жұмыспен қамтылды.

 Әзірге екіқабат орталықтың бірінші қабаты ғана жабдықталды. Мұнда 25 түрлі батут, BagJamp жастығы орнатылды.  Батут орталығының барлық жабдығы қауіпсіздіктің қатаң тексеруден өтті. Парк құрылыс нормалары бойынша салынды дейді кәсіпкер. Мұнда тәжірибелі инструкторлар жұмыс істейді.

 Өз кезегінде кәсіпкерлер палатасы мамандары ойын-сауық парктері иелеріне Аттракциондар қауіпсіздігі бойынша кәсіпкерлерге арналған жаднаманы таратты. Аталмыш жаднаманы «Атамекен» ҚР ҰКП-да әзірленген.

 Қазір қолданыста тек бірінші қабат. Балала ата-аналырымен келу ыңғайлығы үшін қосымша фуд-аймақ қарастырылған.

 Келешекте екінші қабатта отбасылық мейрамхана мен салауатты өмір салтын қалыптастыратын нышандар ашу жоспарланған.

 «Орталығымыз орталық салауатты өмір салты мен мәдени демалыстың қалыптасу орны ретінде белгіленеді. Клиенттеріміз бізге қайта-қайта келуі үшін барлық жағдайды істеуге тырысып жатырмыз. Біз клиенттерімізді жаңашылдқытрамен таң қалдыруды көздейміз. Баға саясаты тартымды. Акциялар, жеңілдік карталар мен әлеуметтік топтағы балаларға арналған қайырымдылық шаралар өткізіледі. Сонымен қатар мектеп оқушыларына арнап жаттығу секцияларына қабылдау басталады. Кәсіпкерлер палатасына қолдау білдіргені үшін алғыс айтып, 5-жылдық мерейтоймен құттықтаймын», – деді кәсіпкер.

 Айта кетелік, «Атамекен» ӨКП Кәсіпкерлерді қолдау орталығы 9 620 субъектіге 21 871 қызмет көрсетті. Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары тегін қызмет көрсетеді. Мекенжайы: Ақтөбе қаласы, Сәңкібай д-лы, 22 К, «Қазына» БО, 1-қабат, Анықтама телефоны: +7(7132) 744-615.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер