«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ШАРУА: «1000 гектар бидай сепкенше, 100 гектар қызылша еккен тиімді»

2018 жылғы 23 Қыркүйек
- Жамбыл облысы
3246 просмотров

 Қант қызылшасы – табыстың қайнар көзі

Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасы мен «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС ұйымдастыруымен, сондай-ақ Облыс әкімдігінің қолдауымен Меркі ауданы Сұрат ауылында «Қант қызылшасын өсіру технологиясы және минералды қоректендіру жүйесі» тақырыбында егінжай күні өтті

Жамбыл облысының шаруалары қант қызылшасын өсірудің оңтайлы тәсілдеріне ден қойды. Семинарға Қордай, Меркі, Тұрар Рысқұлов, Шу ауданынан келген 200-ге жуықт қант қызылшасын өндірушілер мен жергілікті атқарушы билік өкілдері қатысты.

«Еврохим» минералды тыңайтқыштарды шығаруда Еуропа нарығында үздік үштіктің құрамында және әлемдік нарықта 10 мықтының қатарында. Еврохим зауытының Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америкада өзінің өткізу жүйесі мен Ресей Федерациясында және ТМД елдерінде АгроОрталық форматындағы дамыған өткізу жүйелері бар. Агроорталықтардың қойма кешендерінде ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері үшін қажетті химиялық өнімдердің түр-түрі қарастырылған.

 

Ал, Қазақстанда «ЕвроХим» Химиялық кешеннің масштабты инфестициялық жобасын жүзеге асыруда. Жоба азот, фосфор, калий және мезо-микроэлементтерден тұратын минералды тыңайтқыштарды шығаруға бағытталған.

Бүгіннің өзінде «Еврохим Қаратау» компаниясы Қазақстанда іске қосылмақ бұрын, минарлды тыңайтқыштардың бірқатарын Ресей Федерациясында Еврохим компаниясының өндірістік мекемелеріне ұсынуда.

Қазіргі таңда нитроаммофосканың түрлі маркілері, аммиакті селитра, карбамид, сульфоаммофос тіркелген және қолданысқа дайын, сонымен қатар минералды тыңайтқыштарды субсидиялау бағдарламасы бойынша да қолдануға болады. Тамырдан тыс жемтік үшін «Еврохим-Қаратау» ЖШС Нутрибор және Нутримикстан тұратын, сондай-ақ, суда еритін моноаммонийфосфат, монокалийфосфат, сульфат калия және тағы басқа жоғары микроэлементтерден тұратын өнімдерді ұсынады.

«2016 жылдан бастап «Еврохим Қаратау» ЖШС Қазақстанның климаттық ахуалына ескере отырып ауылшаруашылық дақылдар үшін түрлі қоректену жүйесін дайындап келеді. 2017 жылы Жамбыл облысы Меркі ауданында орналасқан «Сыпатай батыр» ЖШС қант қызылшасының 12 гектар жеріне азот, фосфор және калийдан тұратын 23:13:8, 14:14:23 нитроаммофоска төселі,  түздік тәжірибе жүргізілді. Гектарынан 800 центнер қант қызылшасын алған, осылайша дәстүрлі қоректену жүйесіне 30 пайыз үстеме түсіреді. Тыңайтқыштарды қолданудың бұл жүйесінің арқасында түсім мол болады, өнім сапасы да артады, онымен қоса ауылшаруашылығы тауарөндірушілердің табысын арттырып, жердің құнарлылығын сақтап қалуға септеседі», – дейді «ЕвроХим Қаратау» ЖШС сату бөлімінің маманы Қанат Канафин.

Былтыр Франция, Туркия, Қытай елдеріне барып, қант қызылшасын өндірушілермен тәжірибе алмасып қайтқан «Сыпатай батыр» ЖШС директоры Қанат Шайхиев «ЕвроХим Қаратау» ұсынған минералды тыңайтқыштарының қолданылуын құптайды. «Сыпатай батыр» ЖШС 300 гектар жерге қант қызылшасын еккен.

«2016 жылы біз себелеп суару технологиясын пайдаланып 200 гектар жерге авантаж сұрыпты қант қызылшасын егіп, гектарынан 504 центнер қызылша жинаған болатынбыз. «Еврохим Қаратау» химия зауытынан құрамын азот, фосфор, калий бар нитроаммофосты қолданып, нәтижесінде былтыр гектарынан 800 центнер өнім жинадық. Ал, биыл 300 гектар жерге қант қызылшасы егілді. Гектарына 300 келіден 16:16:16 сұрыпты нитроаммофоска қолданылды. Енді әр гектардан 1000 центнер жинауды жоспарлап отырмыз. Топырақ қаншалықты құнарлы болғанмен қажетті минералды тыңайтқыштарсыз мол өнім бермейді», – дейді Қанат Шайхиев.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Мәден Мұсаев субсидия табысқа кеңелу үшін емес, шаруаларды қолдау үшін беріледі дейді.

«Қазірде әкімдік тоннасына 12 мың теңгеден төлеп отыр.  Облыста қант қызылшасы жыл өткен сайын аумағы кеңейіп келеді. Алдағы уақытта, ет бағытындағы, сүт бағытындағы Қауымдастықтар сияқты, қант қызылшасын дамыту жолында жұмыс істейтін, бірнеше ірілі-ұсақты қожалықтардың басым біріктіретін Қауымдастық құру жоспарда бар. Қауымдастық арқылы шаруалар тәтті түбірдің тұқымдарын ешбір делдалсыз, бастапқы бағада сатып ала алады. Бұл жергілікті биліктің жұмысын едәуір жеңілдетер еді».

 

«Еврохим Қаратау» ЖШС елімізде болашағынан зор үміт күттіретін жаңа инвестициялық жоба. Өсімдік күтім мен баптау, құнарлы топырақ пен өсуіне қажет дәрумендердің барлығыбо бойында жеткілікті болған жағдайда ғана тамырын тереңге жайып, лайықты өнім береді. Осы орайда өсімдік, әсіресі бүгінгі жиынның себепшісі – тәтті қызылшасының өсуі үшін азот, фосфор, калий тыңайтқыштарын пайдалану аса маңызды. Ал құрамында аталған маңызды элементтердің барлығы бар сульфоаммомос кешенді минералды тыңайтқышын «Еврохим Қаратау» химия компаниясы шығармақ. Бұл нәпақасын жер анадан тауып жүргендер үшін керек дүние.

Семинар соңында қатысушылардың арасында белсенділік танытқандарға «Еврохим Қаратау» ЖШС-нен тыңайтқыштарды жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік беретін сертификат табысталды. Сондай-ақ, «YTO-Agro Kazakhstan» ЖШС компаниясы тарапынан агро-техникаларға 15-25% жеңілдіктер берілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер