Бизнес пен монополист арасында қарама-қайшылық жалғасуда
Өңірлік кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі Кеңестің кезекті отырысында жылу беру жабдығын жеке тұрған ғимараттарға көшіру қажеттілігі төңірегінде туындаған мәселе көтерілді.
Сондай-ақ, Кеңесте кәсіпкерлердің құқықтарын бұзуға, заңнаманың және құқық қолдану тәжірибесінің жүйелі проблемаларына байланысты проблемалық мәселелер талқыланды. Кездесуге шағын және орта бизнес, мемлекеттік органдар, газбен қамтамасыз ететін кәсіпорындар өкілдері қатысты.
Өңірлік кәсіпкерлік палатасына «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жамбыл облыстық филиалының іс-қимылына бір топ кәсіпкерлер жүгінді. Өтініштердің мәні мынада, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ЖЗҚ 2017 жылы кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарын бұзу себебінен жылу жабдығын жеке тұрған ғимараттарға көшіру қажеттілігі туралы хабарлама жіберген.
Палатаға жүгінген кәсіпкерлердің берілген рұқсат құжаттарына талдау көрсеткендей, кәсіпкерлер 2005-2006 жылдары газбен қамтамасыз етуге қосылған, яғни, 2007 жылы «Тұрғын үй ғимараттары» Құрылыс нормалары және ережелер енгізілгенге дейін.
«Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 43-бабының 1-тармағына сәйкес, нормативтік құқықтық актінің күші ол қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған қатынастарға қолданылмайды.
Атап өту керек, бұл талаптар «Тұрғын үйлер» Құрылыс нормалары және ережелері 2007 жылы пайда болды, бірақ аталған талаптарға қарамастан газбен жабдықтауға қосылу ескертусіз жүргізілген және мұндай іс-әрекеттер одан да көп болуы мүмкін.
«2018 жылдың наурыз айында біз Құрылыс нормалары және Ережелерідегі күмәнді өзгерістерге сілтеме жасайтын ескерту алдық. Жапсарлас үй-жайда орналасқан от жағатын орынды жеке тұрған ғимаратқа орналастыру қажет болды. Барлық уақыт бойы газ жабдығына қызмет көрсету бойынша бізбен талаптар сақталды. Осы талаптарды жаңадан салынып жатқан және пайдалануға берілетін нысандарға қолдану қажет. Біздің нысандарымыз ондаған жыл бұрын сол жеткізушінің келісімімен пайдалануға беріліп, автономды газбен жылытуға қосылды және арнайы оттықтарда орналасқан», – деп түсіндірді «Жамбыл-Сервис» ЖШС өкілері. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ЖПФ өкілдері пломбаны алып тастамады, нәтижесінде біз өзімізге пломбаны алып тастауымызға тура келді».
Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасарының хаттамалық тапсырмасын, Тараз қаласы әкімінің өкімін орындау мақсатында коммуналдық-тұрмыстық нысандарға комиссиялық тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша жазбаша ескертулер беріліп, қайта тексеру кезінде кәсіпкерлердің ескертулері жойылмағандығы анықталды. Алайда, газ беру және пломбалау осы бұзушылықтар себебінен емес, қауіпсіздік мақсатында жылыту маусымының тоқтатылуына байланысты жүргізілген.
«Бұл іс-шаралардың барлығы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның ЖЗҚ-ның ықыласы бойынша емес, Құрылыс нормалары және Ережелеріне өзгерістер енгізуге байланысты және халықтың қауіпсіздігі мақсатында өткізілді. Еліміздің әр түкпірінде адамдар зардап шеккен газ қазандықтарының жарылысы орын алғанын барлығымыз білеміз. Ал газ өшіріліп, жылыту кезеңінің аяқталуына байланысты болды", - деді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ЕӨҚ бірінші орынбасары Асфат Олжабаев.
Кеңес отырысының қорытындысы бойынша Қарар қабылданды, онда кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерінің бұзылуына жол бермеу мақсатында ӨКП, Кәсіпкерлер, прокуратура және өзге де уәкілетті органдар өкілдері кіретін жұмыс тобын құрып, мәселені барынша мұқият зерделеу керек деп шешілді. Жұмыс тобынан нәтижелер алғанға дейін, ажыратылған кәсіпкерлерге газ беруді қайта бастау туралы Облыс прокуратурасы мен монополияға қарсы орган жергілікті атқарушы органдар мен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның заңнама талаптарын сақтауы бойынша іс-қимыл мәселесін қарастыруы туралы шешім қабылданды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: