«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Дау сотқа дейін шешілді

2018 жылғы 13 Қараша
- Батыс Қазақстан облысы
7614 просмотров

Көпқабатты үйдің тұрғындары «Орал лифт» ЖШС қызметі үшін төлем жасауға асыққан жоқ. Кәсіби медиатор және Өңірлік кәсіпкерлер палатасының  қатысуымен аталған мәселе екі тараптың мүддесін ескере отырып шешілді.

 «Орал Лифт» ЖШС қаланың Строитель атты шағын ауданында бір тұрғын үйдің лифтіне қызмет көрсетті. Бастапқыда тұрғындар аталған қызмет үшін уақтылы төлеп жүрді, бірақ кейін қарыз көбее бастады. Сома үлкен емес, сондықтан кәсіпкер мәселені  өршітпей, дауды шешудің басқа жолын таңдады. Кәсіпкердің айтуынша, мұндай шарадан ол ұтпаса, ұтылған жоқ. Компания мүддесін жеке заңгер жүргізді.

«Келісімшартты жеке тұлға жасаған. Бұл подъезд бойынша аға қараушы, оны тұрғындар өзі таңдаған. Біз оған хабарластық, медиативтік келісішарт жасау туралы келістік. Аталған келісімшарт қарызды бөліп төлеуді қарастырады. Осындай шараға борышкер соттық алымдарды және өзге де шығындарды көтермес үшін бардық», – деді  «Орал Лифт» ЖШС қорғаушысы, жеке заңгер Сергей Повышев.

Келіссөздер жасау арқылы өзара тиімді шешеімге келуге қол жетті. Борышкерлер 5 айға бөліп төлеуге мүкіндік алды. «Орал лифт» ЖШС енді қарызды сот арқылы өндірмейтін болды, өз кезегінде уақыт та үнемделеді.

 «Егер аталған келісімшарттың қандай да бір тармағы орындалмайтын болса, тараптар тағы да медиацияға жүгініп,  шарттарды өзгерте алады. Медиацияда дау шешудің көп нұсақлары бар, келісімдер бүгінгі мысал сияқты, талап ету нысанына байланысты болмауы мүмкін. Талап арыздың басты нысаны – қарыз, бұдан бөлек тараптар бастапқы келісмшарттың күшін жойды. Осылайша екі тараптың мүддесі қанағаттандырылды», – деді БҚО Медиаторлар одағының төрайымы Алуа Рахишева.

Айта кетелік, медиацияның негізгі қағидаттары – еріктілік және құпиялылық. Жылдың басынан БҚО-да сотқа дейін 1625 медиативті келісім жасалған. Мамандар мұндай қызмет түріне сұраныстың артқанын атап өтуде.

 БҚО кәсіпкерлер палатасында коммерциялық медиацияны бизнес мүддесін қорғауда тиімді жұмыс істеп тұрған келешегі бар сала деп  баға береді, сондықтан осы бағытта бірлескен жұмыстар жүргізіліп жатыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер