«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Аспандияр Сейсебаев: «Палата туристік сайтты дұрыстауға тегін көмек көрсетуге дайын»

2018 жылғы 05 Желтоқсан
- Жамбыл облысы
6399 просмотров

Жамбыл облысы туризмнің түрлі бағыттарын дамытуда әлеуеті зор. Оған көнеден сыр шертетін тарихқа бай нысандар, қолайлы климат және сауда-саттық саласы негіз бола алады.

Өңір бойынша туристердің көмекшісіне айналуға тиіс туристік сайттың жұмысы көңіл көншітпейді. «Тараз-Туризм» туристік ақпараттық орталықпен құрылған сайт техникалық шарттары бойынша төрт тілде (қазақ, орыс, ағылшын, қытай) жұмыс істеуі қажет болатын. Алайда бүгінгі таңда шетелдік меймандар тұрмақ, жергілікті туризм саласының өкілдері бұл сайттың жұмысына наразы. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасында Жамбыл туристік индустрия Қауымдастығы,  ішкі және келу туризм Қауымдастығының қатысуымен өткен отырыста айтылды. 

«Мемлекет басшысы кез келген өңір үшін ең перспективалы табыс көздерінің бірі ол – отандық туризм және оны ары қарай дамыту керектігін айтты. Бұл табысты салаға қолдау да еселенген. Жамбыл облысы шетелдік меймандар үшін туристік бағыт ретінде танылуына қажетті жағдай жасауымыз қажет. Туристке ең бірінші керегі – ақпаратпен қамтамасыз етілуі. Ол баратын марштрут, қандай туристік нысандар бар, ол өлкенің тарихи орындары мен танымды жерлері туралы ақпарат алу. Бұл тұрғыда облыста алғш рет Туристік сайттың құрылғандығы Кәсіпкерлер палатасы мен туризм жанашырлары үшін жағымды жаңалық болды. Алайда, қазіргі таңда бұл сайттың жұмыс тұралап тұр», - деп Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Аспандияр Сейсебаев айтты.   

Аспандияр Сейсебаев кезінде бюджеттің есебінен құрылған туристік «Taraz tour» сайтының дұрыс әрі үздіксіз жұмыс істеуіне кәсіпкерлер Палатасының мамандары қажет көмекті «тегін» ұсына алатынын да тілге тиек етті.

Туризм басқармасының бөлім басшысы Жомарт Хажы сайттың қазіргі таңда пысықталу үстінде екенін айтты. Сондай-ақ, техникалық ерекшелікке сәйкес туристік сайттың жұмысын сапалы жаңарту бойынша ұйымдастыру іс-шаралары жүргізіледі деп сендірді.

Туристік әлеуетке бай өңірімізде туризм саласынтанымал ету мақсатында түрлі деңгейдегі іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады.
 

«Мәселен, жақында қалың бұқараның басын қосқан «Aspara fashion week», «Food tourism 2018» іс-шаралары жоғары деңгейде өтті. Алда уақытта туристік бағыттағы іс-шараларды уақытылы және сапалы өткізу мақсатында, конкурстық құжаттаманы дайындау кезінде ұсыныстар енгізу үшін Өңірлік кәсіпкерлер палатасына, Жамбыл туристік индустрия қауымдастығын алдын ала хабардар ету қажет» - деді Жамбыл туристік индустрия қауымдастығының Төрайымы Валерия Батуева.

Жиында ЮНЕСКО нысанына енетін «Баласағұн» қалашығы мен «Шәушен» кешені туристік нысандарының инфрақұрылымы мәселесі көтерілді. Қазірде жобалық сметалық құжаттаманы әзірлеуге қаражат бар. Басқосуда мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде «Шәушен» кешеніне автожол құрылысын қаржыландыру тізбесін Жолаушылардың тасымалдау және автокөлік жолдары басқармасына ұсыну шешілді. Ал кәсіпкерлер палатасы Туризм басқармасымен бірлесіп «Баласағұн» қалашығына ЮНЕСКО-ның профильді министрлігі мен құрылымдары арқылы автожол салу мәселесін пысықтау керек деп шешілді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер