«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Қазлегпром-Алматы» ЖШС халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 300 бос жұмыс орнын ұсынады

2019 жылғы 09 Сәуір
- Алматы қаласы
4550 просмотров

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы, қалалық жұмыспен қамту орталығы және «Қазлегпром-Алматы» тігін фабрикасы халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмысқа орналастыру бойынша акция бастады

«Қазлегпром-Алматы» ЖШС – Қазақстан мен Орта Азияның ең ірі өндірістік кәсіпорындарының бірі. Тігін фабрикасы қарулы күштер және құрылымдық мекемелерге арналған киім жасауға, халыққа арналған киім мен аяқ киім тігуге, жұмыс киімдерін әзірлеуге, униформа дайындауға мамандандырылған мекеме.

Қазіргі уақытта кәсіпорында 450-ден астам  жұмысшылар еңбек етуде. Дегенмен, өндіріс алаңы мен техникалық жабдықтар 750 жұмысшыға қосымша жұмыс орындарын ұсынуға мүмкіндік беретін, яғни үш ауысымда жұмыс істеуге қолайлылық туғызуда.

«Біз бүгінгі таңда мемлекеттік мекемелерге үлкен тапсырыстар орындап жатырмыз, алайда жұмыс күшіне деген қажеттілік туындап отыр. Киімдерді, аяқ киімді ұқыпты, сапалы тіге алатын, еңбекқор, жұмысқа қабілетті бар және жауапты адамдарды жұмыс істеуге  шақырамыз. Біздің жұмысшылардың арасында халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері де, мүгедектер де, жас мамандар да бар», – дейді оқу орталығының жетекшісі, «Қазлегпром-Алматы» ЖШС өндірістік бөлімінің басшысы Бибігүл Нәбиева.

 Жұмыс істеушілердің көпшілігі қыз-келіншектер, атап айтқанда көп балалы аналар, жалғыз басты аналар, бір және одан да көп баланы өз бетінше тәрбиелеп отырған әйел кісілер және зейнеткерлік жас алдындағы әйелдерде қызмет етуде.

«Қызметкерлерге қояр басты талабымыз  – табандылық пен жауапкершілік. Біз үлкен көлемдегі тапсырыстар орындаймыз, сондықтан да ешқандай қателіктерге жол берілмейді. Жұмыс уақыты – 8 сағаттық, 08.00-ден 17.00-ге дейін. Жұмыс тәжірибесі маңызды емес, кәсіпорынның базасында «Шебер» оқу орталығы бар, сол жерде біз жұмысшыларды тегін түрде тігіншіліке, аяқ киім тігуге үйретіп, кейінірек оларды өзімізге жұмысқа орналастырамыз. Әртүрлі жастағы азаматтар дуалды оқыту жүйесін пайдаланып инновациялық технология бойынша дайындықтан өтеді», – деді оқу орталығының жетекшісі, «Қазлегпром-Алматы» ЖШС өндірістік бөлімінің басшысы Бибігүл Нәбиева.

Фабрикаға жұмысқа орналасу үшін қалалық тіркелімнің болуы қажет емес.  Бұл жерде Алматы және қала маңындағы тұрғындар (Қарасай, Талғар, Іле, облыстың Жамбыл ауданының тұрғындары) жұмыс істейді, жұмысшылар жұмыстан кейін, арнайы көлікпен тасымалданады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер