«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

2019 жылдың SMM трендтері: Алматыдағы маркетологтар клубында негізгі кейстер талқыға түсті

2019 жылғы 19 Сәуір
- Алматы қаласы
5029 просмотров

Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы XXVII маркетологтар кездесуін өткізді

Алматы қаласының Кәсіпкерлер Палатасы айына бір рет Маркетологтар клубының кездесулерін өткізеді, олардың қатарында жаңадан тіркелген және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер, жарнама агенттіктерінің маркетологтары мен ірі компаниялардың PR мамандары бар.

XXVII Клуб отырысының спикері болып Қазақстандағы онлайн аудио жарнаманың эксклюзивті сатушысы, «Award.kz-2017» ұлттық сыйлығының халықаралық қазылар алқасының мүшесі, бірқатар ғылыми және коммерциялық басылымдардың авторы, лекциялар мен оқу бағдарламаларының авторы, «Ad Universe» жарнама агенттігінің директоры, жарнама, маркетинг және бизнесті дамыту дәрісімен Эдвард Габриелян болды. Ол өзінің шеберлік сыныбының тақырыбын осы жылдың басты SMM тенденцияларына арнады.

Сонымен, осы жылдың 10 негізгі трендтері:

  1. Лонгридтар. Әлеуметтік желілерде ұзақ мәтіндерді жазу,  қызықты және пайдалы ақпаратты қамтиды.
  2. Micro influencers – 10-нан 150 мыңға дейінгі тіркелушілері бар, пікір білдіруші көшбасшылар. Мысалы, блогерлер – декреттегі аналар, олар арқылы балалар тамағын, күтім жасаудың жолдарын, балаларға арналған қызметтерді сатуға болады.
  3. Чат-боттар. Бұл мессенджерде сұхбаттасушының функцияларын орындайтын бағдарлама. Боттардың жұмысын LivePerson сауалнамасында сұралғандардың  33%-ы оң бағалаған.
  4. Интерактивті контенттерге – викториналар, сауалнамалар, тесттер жатады. Олардың маркетингке әкелетін пайдасы: ойыннан ләззат алу, вирустық әсерлер.
  5. Видео. Қысқа роликтер, лайфхактар.
  6. Highlights stories – негізгі сәттер. Instagram-да қажетті ақпаратты іздеуде ыңғайлы навигация.
  7. IGTV – Instagram-да ұзындығы 60 минутқа дейінгі видео. Верификацияланбаған аккаунттарда 10 минутқа дейін бейне орналастыруға жол беріледі.
  8. Оқиға орнынан нақты уақытта трансляциялау. Монтажсыз тікелей эфирлер: адамдар БАҚ материалдарына сенім білдірмей, болып жатқан оқиғалар туралы өз бетінше тұжырым жасауды қалайды.
  9. Бизнесті «жандандыру» дербестендіру. Басқалардың өміріне көз жүгірту адалдық пен брендке деген сенімді арттырады.
  10.  Стратегиялық жоспарлау және кешенді тәсіл. Егер бұрын тек 3 рет басу керек болса, қазір қалаған тұтынушынды алу үшін 5 рет әрекет етуін керек. Бренд барлық жарнамалық арналарда (әлеуметтік желілерде, іздеу контентерінде, аудиожарнамаларда, бейне жарнамаларда, медиалық желілерде) ұсынылуы тиіс.

Талқылау барысында Эдуард Габриелян осы жылдың ең табысты кейстері туралы да айтып өтті. Атап айтқанда, ұзақтығы 6 секунд болатын ірі брендтердің 10 үздік жарнамалық бейнероликтерін көрсетті. Қысқа бейне-көп уақыт жетіспеу жағдайында әлемді тез жаулап алатын тағы бір үрдістің түрі.

Маркетологтар клубына қатысу Алматы  қаласының Кәсіпкерлер Палатасында тегін өткізіледі. Байланысу жолдары: almaty.cop827@gmail.com  +7 727 3310133, ішкі: 802.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер