«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматыда «Профитренинг» оқу орталығында бухгалтерлерді тегін дайындайды

2019 жылғы 29 Тамыз
- Алматы қаласы
7026 просмотров

«Учет» компаниялар тобына кіретін «ПРОФИТренинг» оқу орталығы нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қысқа мерзімді курстарда «бухгалтер» мамандығы бойынша мамандар даярлайтын болады. Орталық «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының тізіліміне енгізілген.

 «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша білім алушылардың алғашқы легі үшін оқу маусымының салтанатты ашылуы, өңірлік кеңес өкілдері мен Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы басшылығының қатысуымен өтті.

«Сіздер қазір 2017 жылы ашылған, орталық Азия бойынша  экологиялық таза кеңселердің бірінде тұрсыздар. Мұнда техниканың соңғы нұсқасына сай жабдықталған үздік дәрістік сыныптардың барлығы дерлік  бар. Бұл сыныпта біз бухгалтерлерді халықаралық сертификаттауға дейін оқытамыз. Uchet компаниясының тобына кіретін біздің оқу орталығымыз ҚР Қаржы министрлігіндегі бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау ұйымы ретінде тіркелген, сонымен қатар біздің оқу орталығы АССА ДипИФР (орыс.), (ACCA-дипломды сертификатталған бухгалтерлер қауымдастығы – «бизнестің тиімділігін басқару» сертификатын алған. Бұрын біз бастауыш бухгалтерлер үшін ақылы негізде оқу жүргізген болатынбыз, енді қазіргі таңда кәсіпкерлер палатасының қолдауының арқасында біз алғаш рет курстарды тегін түрде бастап отырмыз, алған білімдері үшін тыңдаушылар ақы төлемейтын болады. Біз сіздер үшін оқытуды барынша ыңғайлы етуге тырысамыз, сіздерге  40% теория және 60% практика жүргізілетін болады. Осы үш айлық курстардан кейін сізде өмірлеріңізде қажет болатын білімдерді алып шығасыздар және алдағы уақытта бухгалтер болып жұмыс істей алатын боласыздар. Егер сіздердің қайсы біреулеріңіз жұмысқа орналасатын болсаңыздар, біз сіздерге осы бағытта барынша жәрдемдесетін боламыз», - деді Uchet.kz компаниясының басшысы Максим Барышев.

«ПРОФИТренинг» оқу орталығы «Бухгалтер» мамандығы бойынша мамандарды дайындау үшін Алматы қаласының жұмыспен қамту орталығымен келісім шартқа отырды.  Алматы қаласы бойынша мамандар даярлауға мамандығы Үш айлық курстар бухгалтерлік есеп негіздерін, теорияны, кәсіби практиканы, сандық сауаттылықты, өндірістік оқытуды қамтитын болады. Курс аяқталғаннан кейін түлектер куәлік алады.

«Біздің орталық ҚР Қаржы министрлігінде бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау ұйымы ретінде тіркелгендіктен біз емтихан түрінде алған білімдері бойынша қорытынды аттестация өткіземіз. Емтихан нәтижесі аясында «Бухгалтер» мамандығы бойынша сертификат беріледі», - деп атап өтті Оқу орталығының директоры Жаннат Байғожаева.

Бүгін 26 студенттен тұратын бірінші топ үшін оқу орталығында сабақтар басталды. Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Юрий Тілеумұратов курс тыңдаушыларын бухгалтерлер клубының қатарына қосылуға шақырды.

«Бізде палата жанында Бухгалтерлер клубы құрылып, табысты жұмыс істеуде, онда ай сайын жиналушылармен бірге бухгалтерлік есеп пен аудиттің ең маңызды және өзекті мәселелерін талқылаймыз. Бухгалтерлер клубының басты және тұрақты серіктесі «Uchet.kz» компаниясы. Сіздер бізге келіп, кәсіби деңгейіңізді арттыруға көмектесетін қызықты көп нәрсені біле аласыз», – деп атап өтті ол.

«Баршаңызды «ПРОФИТренинг» оқу орталығындағы білім алушылардың алғашқы легі үшін, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы оқу маусымының басталуымен құттықтаймын! Алматыда жұмыссыздар тегін қысқа мерзімді курстарда оқи алатын 85 оқу орталығы ашылды. Бүгінде оқу орталықтары бизнес үшін кадрлар даярлаудың маңызды миссиясын атқаруда. Өйткені, Сіздер ертең осы курстарды аяқтағаннан кейін, сертификаттарыңызды алып бухгалтериядан қызмет көрсететін кәсіпорындарға барып қызмет ететін боласыз», – деді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер