«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Әулиеаталықтар "Бизнес Кеңесшіден" білім алуда

2019 жылғы 02 Қазан
- Жамбыл облысы
3625 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының алаңында ісін жаңа бастап келе жатқан және де өз ісін бастағысы келетін болашақ кәсіпкерлер бизнесті жүргізудегі жеткіліксіз білімдерін алып, кәсіпкерлік негіздерін меңгереді.

Өңірлік палатаның бизнес-жаттықтырушысы Гульмира Метерованың айтуынша жыл сайын бизнесті жүргізу бойынша білім алуға үміткерлердің саны өсіп келеді. Мысалы, биыл "Бизнес-кеңесшіні" онлайн оқып, сертификатты 943 адам алған, алайда Жамбыл облысына берілген жоспар 210 адам, сондай-ақ оффлайн түрде 620 адамды оқыттық. Мәселен, 19-20 қыркүйек күндері өтіп жатқан оқыту семинарында 65 адам қамтылды.

Егер де Сіз «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында грант алу үшін өтінім беруге ниет білдірсеңіз, «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша курстан өтіп, сертификат алу міндетті шарт болып табылады. Оқу бағдарламасына келесі тақырыптар кіреді:

• кәсіпкерлікке кіріспе;

• кәсіпкерлік психологиясы;

• бизнес-жоспар;

• маркетингтік қызмет;

• қызметкерлерді басқару;

• кәсіпкерut арналған қаржы;

• кәсіпкерліктің құқықытық аспектілері;

• бизнесті жүргізуге қатысты ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану дағдылары.




Егер Сіз жеке ісіңізді ашуды жоспарлап жүрсеңіз, немесежеке ісіңізді жаңадан бастаған кәсіпкер болсаңыз "Бизнес-Кеңесші" оқыту курсына қатыса аласыз.

Оқыту үрдісінде тыңдаушылар бизнес-жоспарды қалай сауатты қою керектігін, бизнесті қолдаудың қандай мемлекеттік бағдарламалары бар екендігін, мүмкін болатын қауіптерді қалай есептеу керектігін таңып біледі.

Сонымен қатар, әр тыңдаушыға бизнесті жүргізу негіздері бойынша материалдар, стандартты құжаттар пакеттері, соның ішінде бизнес-жоспарлар, қаржыландыру алуға құжаттар үлгілері, маркетингтік зерттеулер нәтижелері, инновация енгізу саласында халықаралық тәжірибе, сондай-ақ шағын кәсіпкерлікті құру идеяларының анықтамалары ұсынылады.

«Қазірде кәсіпкерлікке қызығушылықты арттыру беталысы байқалады. Бұл ретте, өз ісін ашуды жастармен қатар, ересек адамдар да армандайды. Көбінесе тыңдаушылар қалыптасқан бизнес-идеяларды өтеді. Бірақ, тіпті ол болмаса, оқыту аясында біз нарықтағы бос тауашаларды, маркетингті зерттейміз, бизнес-жоспар жасауға көмектесеміз, адами ресурстарды басқару жөнінде айтамыз. Қысқаша айтқанда, кәсіпкерліктің барлық артықшылықтары мен кемшіліктерін есептеуге көмектесеміз. Бұл бірінші кезекте, тыңдаушыға өз күшіне сенімділік береді. Өйткені, белгілі болғандай, әрқашан алғашқы қадам басуға қиын» - деп белгіледі Гүлмира Метерова.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер