«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жамбылда 800 кәсіпкер InfoKazakhstan.kz платформасы арқылы кәсібін бастап кетті

2020 жылғы 17 Тамыз
- Жамбыл облысы
5295 просмотров

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының директоры Самат Қосалиев айтты.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының айтуынша,  17 тамыз сағат 17.00-дегі ақпарат бойынша Жамбылда 800 кәсіпкер https://infokazakhstan.kz/ порталына тіркеліп, 662 кәсіпкер жұмыс жасауға мүмкіндік беретін актісін алған. Өтініш берген 162 кәсіпкер мониторингтің топтың келуін күтуде екен.

Ескеріңізге салып өтсек, 14 тамызда ҚР Бас санитарлық дәрігердің қаулысы қабылданып, оған сәйкес бизнестің жұмыс бастау тәртібі белгіленді. Жоғары эпидемиологиялық қатерлерге байланысты кәсіпкерлік қызметке жұмыс істеуді электронды шешімдер жүйесі арқылы рұқсат беру туралы шешім қабылданды.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бас санитарлық дәрігердің қаулысы шыққан күні InfoKazakhstan платформасын іске қосты. Платформа арқылы әр кәсіпкер қызметті жаңартуға өтініш бере алады.  Бұл платформа кәсіпкерлерді кабинеттерді аралап, құжат жинаудан босатады.

«InfoKazakhstan платформасына кірген бойда деректеріңіздің бір бөлігі (кәсіпорын атауы, БСН) автоматты түрде жүктелетіні маңызды, қалған формаларды толтыру небәрі 10-15 минут уақыт алады. Назар аударыңыздар, әзірге платформа сервисін десктоп-нұсқада – компьютер арқылы пайдалануға болады, мобильді нұсқа әзірлену үстінде. Жұмысты бастауға рұқсат алудың тексерумен және тексерусіз екі түрі бар», - дейді Пірмұхаммед Сыздықов.

ҚР Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес бизнес түрлерінің басым бөлігі, шамамен 90 пайызы тексерусіз, хабарландыру тәртібінде іске қосылады! Кәсіпкерлер мониторингтік топтың келуін күтпей-ақ қызметті бастай алады.

Мониторингтік топтың тексеруі кәсіпкерлік қызметтің небәрі 5 түріне қолданылады: сауда және ойын-сауық орталықтары, азық-түліктік сауда базарлары, азық-түліктік емес базарлар, балалар сауықтыру лагерлері, бильярд және боулинг залдары.

Жұмысты тексерусіз, хабарлама тәртібінде қайта бастауда ҚАРАПАЙЫМ ҮШ ҚАДАМ:

1-кадам. InfoKazakhstan сайтына кіріп, нысанды электронды цифрлық қолтаңба арқылы тіркеу.

2-қадам. Бас санитарлық дәрігердің қаулысынжүктеу және кәсібіңізге қойылған санитарлық талаптармен танысып, оны электронды цифрлық қолтаңба  арқылы растау.

3-қадам. Жеке кабинетте және электронды поштада дайындық туралы актісін алып, жұмысты бастау.

Тексерудің болмауы, жауапкершіліктен босатпайды. Қоғамдық бақылау, кез келген келуші бұзушылық туралы ақпаратты бақылаушы органға жібере алады.

Егер кәсібіңіз көпшілік жиналатын нысандар, балалармен тактильді қатынас жасалатын бизнес түріне жатса, онда  жұмысты бастауға рұқсатты алу үшін санитарлық талаптарға сай келу бойынша тексеруден өту қажет, яғни рұқсат беру тәртібі қолданылады. Бұл қажетті процедура деп санаймыз.

Порталда толтыру процедурасы да қиын емес.

1-қадам.InfoKazakhstan сайтына кіріп, нысанды электронды цифрлық қолтаңба арқылы тіркеп, бас санитарлық дәрігер қаулысын жүктеп, кәсіп түріне қойылған талаптармен танысу қажет. Талаптармен  мұқият танысып, электронды цифрлық қолтаңба арқылы растау қажет!

2-қадам. Нысанды санитарлық талаптарға сәйкес дайындау.

3-қадам. Мониторингтік топтың тексеруінен өту.

4-қадам. Егер бәрі дұрыс болса, сайттағы жеке кабинеттен және электронды поштаға санитарлық нормаларға сәйкестік актісін – жұмысты қайта бастауға рұқсатты алып, жұмысты бастау.

Электронды рұқсатты басып шығарып, соның ішінде мониторингтік топтың келуі жағдайына қарай рұқсаттың қағаз көшірмесін іліп қою қажет.

Айырмашылық тексеруде ғана, егер өтінім берген соң нәтиже теріс шықса, онда тексеруден екінші рет өтуге болады!

Жұмыс бастауға көмектесетін www.infokazakhstan.kz сайтының функционалы кеңеюде, атап айтқанда айдар тетіктері жақсарды, кәсіпкерлер тізімі жаңартылды, сауда және ойын-сауық орталықтары, бизнес орталықтарды жалға алушылар, сондай-ақ базардағы жалға алушылар қосылды.

Кәсіпкерлерге кеңес беру үшін 1432 байланыс орталығы тәулік бойы қызмет көрсетеді (қоңырау шалу тегін), Жамбыл облысы бойынша 8 /7262/ 555-900. Сонымен қатар t.me/infokazakhstan телеграм-канал іске қосылды, онда портал жұмысына қатысты соңғы жаңалықтар және бизнес өкілдеріне басқа қызықты ақпарат жарияланады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер