АӨК және салық салу саласындағы субсидиялау - өңірлік кеңес мүшелерінің «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевпен кездесуде көтерген басты сұрақтарының бірі
Жамбыл облысында өңірлік кеңестің сайлауы өткізілген жоқ. Бүгінгі күні 26 бизнес субъектісінен (квота бойынша 28 болуы тиіс) тұратын бұрынғы құрам жұмыс істеуде
Облыстық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Мұқаш Искандировтың ақпараты бойынша:
«ШОБ жағдайына келетін болсақ, ТЖ режимі енгізілгенге дейін біздің облыста 176 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз еткен 67 мыңнан астам бизнес субъектілері жұмыс істеді. Карантин режимі алынғаннан және кезең-кезеңмен қабылданған жеңілдетулерден бастап, бүгінгі күнге дейін жұмыскерлер саны 1,5 мыңнан асатын 300-ден астам ШОБ объектілері өз қызметін қалпына келтіре алмады, атап айтқанда мейрамханалар, балалар ойын-сауық мекемелері, кинотеатрлар, компьютерлік клубтар, караоке, фуд-корттар және т.б.»
Төралқа төрағасымен кездесуде өңірлік кеңес мүшелері өңірге қатысты мәселелерді айтып, өз шешімдерін ұсынды. Мұқаш Искандиров жер қатынастары мәселесін, жергілікті атқарушы органдардың жер учаскелеріне конкурстар ұйымдастырудағы бюрократиялық кідірістер туралы айтты. Бұл ретте, ЖАО бұл талапты орындамайды және ол үшін ешқандай жауапкершілік көтермейді.
ӨКП төрағасы жер учаскесіне құқық беруден бас тартқаннан кейін конкурстарды (конкурстар мен аукциондарды) өткізбеу/уақтылы өткізбеу жөніндегі бұзушылықтар үшін ЖАО лауазымды тұлғаларына әкімшілік жауапкершілік жүктеу туралы ӘҚБтК-ге толықтырулар енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Ұлттық палата, өз тарапынан, жер учаскелерінің аукционын мемлекеттік қызметке айналдыру мәселесі қарастырылып жатқанын хабарлады.
Сондай-ақ, жергілікті кәсіпкерлерді карантиндік шараларға байланысты жанармайдан түсетін түсімнің төмендеуі мәселесі толғандырады. Нәтижесінде жанармай құю станциялары шығынға ұшырайды, қызметкерлер жұмыссыз қалуы мүмкін. «Мұнай өнімдерінің кейбір түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңға сәйкес ЕБА 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін кенттер мен ауылдарда орналасқан барлық ЖМҚС-та орнатылуы тиіс. Ал бұл облыстың алты ауданынан 40-тан кем емес ЖМҚС. Осыған байланысты, бизнес-қауымдастық АЖҚС-та (ЕБА) есепке алудың бақылау өлшеуішін енгізу мерзімін екі жылға кейінге қалдыруды ұсынды.
«Вкусная корзинка» ЖШС директоры Алмаз Тультаев Qoldau ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылатын АӨК саласындағы субсидиялау мәселесін көтерді. Жүйенің кезегіндегі әділетсіздік фермерлер мен шаруалардың түсінбестігін тудырып отыр, және олар берілген өтінімдерді ұзарту мүмкіндігімен «Qoldau» САЖ-де «Күту парағы» функциясын енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды, яғни өтінім бере отырып, АӨК субъектілері кезек тәртібінде субсидияларды кепілдендірілген түрде алатынын білетін болады.
Мұндай жағдайда өтінімді кез келген уақытта беру мүмкіндігі пайда болады, ол резервке немесе күту парағына түседі және қаражат қосымша бөлінген немесе бас тартылған өтінімдер есебінен босатылған кезде күту парағынан кезектілік тәртібімен жұмыс органының қарауына түсетін болады.
Сондай-ақ, бұл шара келесі жылдарға бюджетті жоспарлауға мүмкіндік береді.
«Ай-Мар» ЖШС директоры Айгүл Ақшалова өңір үшін өзекті мәселені – вегетациялық кезеңде суармалы судың жетіспеушілігін көтерді.
Кәсіпкерлер осы мәселені шешу үшін Шу өзенінің трансшекаралық суын бөлу туралы үкіметаралық келісімді іске асыру мәселесін шешу қажет деп санайды. Сонымен қатар, қосымша су тарту құрылыстарын салуды және су үнемдеу технологияларына жеңілдікті және лизингтік несиелер беруді қарастыруды ұсынды.
«Дана-Дель» ЖШС директоры Бақыткүл Тоқтыбаева салық салу мәселесін айтты.
Қоғамдық тамақтану объектілерінде, оның ішінде қоғамдық моншаларда алкоголь өнімдерін бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын КҚС лицензиялық алымды төлейді. Сонымен қатар, олардың қызметі ағымдағы жылдың 19 наурызы мен 17 тамызы аралығында Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулыларымен тоқтатылды. Осыған байланысты кәсіпкерлерде табыстың болмауына байланысты лицензиялық алымды төлеу бойынша проблемалар туындады.
Сондай-ақ, КҚС Тараз қаласының тұрғындарына жолаушыларды қоғамдық көлікте тасымалдау бойынша қызметтер көрсетеді және бүгінгі күні қаржылық қиындықтар туындауда, себебі қоғамдық көліктің қызметі де мемлекеттік органдардың актілерімен тоқтатылды, кірістер жоқ.
Салық кодексіне көлік құралдарына салынатын салық және алкоголь өнімін өткізгені үшін лицензиялық алым бойынша босату түріндегі салықтық жеңілдіктер беру үшін өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылды.
Сатып алушы ұйымдарды субсидиялауға қатысты келесі сұрақты «Бастау Агромат» ЖШС қаржы директоры Әбдібек Пошкаев көтерді. Кәсіпкер АӨК саласындағы сатып алу ұйымдарын бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасына субсидиялау ережелеріне есептелген қосылған құн салығы шегінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігін қарауды сұрады.
Сүт үшін КҚС бойынша субсидияны есептеу 2015 жылы белгіленген 1 килограмм үшін 78 теңге ауыл шаруашылығы өнімі бірлігінің ең жоғары рұқсат етілген құнына сәйкес жүргізіледі, дегенмен 1 кг сүт үшін сүттің орташа сатып алу құны 2019 жылдың 2 жартыжылдығында - 124,0 теңгені және 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 115 теңгені құрады.
Осылайша, жаңа Ережеге сәйкес «Бастау Агромарт» ӘКК жоғарыда көрсетілген кезеңде шығынға батты.
ҚҚС-ты уақтылы және толық емес субсидиялау кооперативтің айналым қаражатының тапшылығына алып келеді, бұл шаруаларға дайындалған сүт үшін уақтылы төлем жасауға мүмкіндік бермейді, сондай-ақ сүт дайындау көлемін азайтуға мәжбүр.
«Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев су бөлудің суару жүйелеріне қажеттілік өте жоғары екенін хабарлады. Ұлттық палата бұл мәселені «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-да ұсынуға дайын. Трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалануға қатысты экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша жыл соңына дейін су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны қабылдайды. Қосымша нысандардың құрылысына қатысты бұл мәселе пысықталуда.
Өңірлік кеңес мүшелеріне онлайн-кездесуде айтылған барлық мәселелердің бақылауға алынғандығын және барлығына қатысты шешім қабылданатынын хабарлады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: