«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Төтенше жағдай салдарынан бизнесі ең көп зардап шеккен кәсіпкерлер қолданыстағы несиелерін субсидиялай алады

2020 жылғы 16 Қазан
- Жамбыл облысы
6408 просмотров

Жамбыл облысының кәсіпкерлері үшін қолданыстағы несиелерді субсидиялаудың ерекше мүмкіндігі бар

Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларына қатысты ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1060 қаулысына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, ТЖ режимі жарияланған сәттен бастап экономиканың неғұрлым зардап шеккен салаларының ШОБ субъектілерінің қолданыстағы несиелерді жылдық 6%-бен субсидиялау мүмкіндігі бар.

Субсидиялау 2020 жылғы 31 тамызға дейін (қоса алғанда) жасалған екінші деңгейдегі банктердің несиелері бойынша жүзеге асырылады. Несиені 2020 жылғы 31 тамызға дейін (қоса алғанда) толық өтелген жағдайда, субсидиялауға жол берілмейді.

Негізгі борыш және/немесе есептелген сыйақы бойынша 90 күннен астам қарыздары бар несиелерді субсидиялауға жол беріледі.

Субсидиялауға экономиканың зардап шеккен секторларында қызметін жүзеге асыратын микро/шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жатады.

Экономиканың зардап шеккен секторларындағы микро / шағын және орта бизнестің несиелік/ лизингтік операциялары бойынша субсидия номиналды сыйақы мөлшерлемесін шектемей жүзеге асырылады, оның 6%-ын микро/ шағын және орта бизнес төлейді, ал айырмашылықты мемлекет субсидиялайды. Субсидиялау жүзеге асырылатын несие мөлшері шектелмейді.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, экономиканың зардап шеккен салаларына қатысты кәсіпкерлік қызметтің түрлері, екінші деңгейлі банктерге жүгіну үдерісін жеделдетіп, субсидия алуға өтініштер қалдырыңыз.

Сұрақтарыңыз болса, Палатаның Жобаны қолдау бөлімінің мамандарымен 8 (7262) 555 913 телефоны арқылы байланысуға болады.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер