«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Рустам Жүрсінов: Бизнестің шаруасын жергілікті деңгейде, дер кезінде шешу керек

2020 жылғы 23 Қазан
- Жамбыл облысы
6627 просмотров

Жамбыл облысындағы жұмыс кездесуі аясында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлерге жеке қабылдау өткізді.

Өңірлік бизнес өкілдері өздері тап болған өзекті мәселелерді көтерді.

Жеке қабылдауда кәсіпкер Есей Мұхиев бизнес-омбудсменге қазіргі кезде жарамсыз деп танылған жер учаскесін жалдау шартына қатысты жағдай туралы айтты.

Бұған дейін, 2014 жылы Байзақ ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі ауылшаруашылық жерлерін пайдалануға беру бойынша конкурс өткізген болатын. Конкурстық комиссияға сәйкес берілген 61 лоттың ішінен жеке кәсіпкер Мұхиев Е.Қ. №58 лот бойынша жеңімпаз деп танылды. Конкурстық комиссияның бұл шешімі бірауыздан қабылданды және ешкім шағымданған жоқ. Сол жылы Байзақ ауданы әкімдігінің «Жер қатынастары бөлімі» КММ мен жеке кәсіпкер Е.К. Мухиев арасында ауданы 35 гектар жер учаскесін 49 жыл мерзімге стандартты жалдау шарты жасалды.

Бірақ биыл Байзақ ауданы Аймантөбе ауылының тұрғындары прокуратура органдарына шағым түсірді, соның негізінде тексеру жүргізілді. 2020 жылы наурызда Байзақ ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі Байзақ ауданы прокуратурасының ұсынысы негізінде мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына өздері берген жер учаскесін жалдау шартын жарамсыз деп тану туралы өтініш жасайды.

МАЭС шешімімен 2020 жылғы шілдеде жер учаскесін жалдау шарты жарамсыз деп танылды, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген жер учаскесін мемлекеттік меншікке қайтару туралы шешім қабылданды, бірақ кәсіпкер бұған келіспейді.

Сот инстанцияларынан өтіп, кәсіпкер Есей Мұхиев осы мәселені заңды тұрғыдан шешу үшін Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасына жүгінді.

Палата барлық ұсынылған құжаттармен танысып, айтылған сот актілері заңды емес және дәлелденбеген деп санайды, сондықтан сот актілерін кассациялық тәртіппен (кассациялық жоба дайындалды) қайта қарау туралы өтінімді дәлелді және негізді түрде баяндау және ұсыну қажет.

Бизнес-омбудсмен жамбылдық кәсіпкердің мәселесін мұқият тыңдап, Палатаға прокуратура органдарымен және жергілікті атқарушы органдардармен бірлесіп, мәселені шешуді тапсырды.

Сондай-ақ, ол бұл мәселе оның жеке бақылауында болатынын және апталық есеп беруді қажет ететіндігін айтты.

Кеше бизнес-омбудсменнің тапсырмасы бойынша Үкіметтің іскерлік алаңында прокурордың орынбасары Қанат Мамаевпен кездесу өтті. Облыс әкіміне хат жолдау туралы шешім қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер