«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы қаласының бизнес-қоғамдастығы атынан үндеу

2021 жылғы 28 Наурыз
- Алматы қаласы
11930 просмотров

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Өңірлік кеңестің төрағасы Максим Барышев санитар дәрігердің қаулысына сәйкес қызметін тоқтатқан әр кәсіпорынға бизнесті жалғастыруға жеткілікті болатын сома бөлуді сұрады.

 Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Алматы Жандарбек Бекшин жаңа қаулы шығарды, онда шектеу шаралары 12 сәуірге жалғасатыны жазылған.

 Осыған байланысты Максим Барышев бизнес-қоғамдастық атынан үндеумен шығып, орын алған жағдайға байланысты бизнеске арналған нақты шешімдерді ұсынды.

Басқа бірқатар қаладағы ахуал сияқты, Алматыда коронавирусқа байланысты орын алған жағдай енгізілген шектеулерге қарамастан күннен күнге нашарлап барады. Жедел штабдың мәліметтері бойынша соңғы тәулік ішінде қалада індет жұқтыру саны бойынша антиректорд орнаған – 510 адам тіркелген. Жалпы пандемия кезінен бері коронавирусты  32 597 адам жұқтырған.

 Өңірлік кеңес төрағасының айтуынша, бизнеске енгізілген шектеулер мен тыйымдар саны халық арасында ауру жұқтырудың төмендеуіне әсер етпейді. Демек, қала бизнесі мен экономикасына қысым көрсетпей, коронавируспен күресуде басқа елдерде қолданылып жатқан өзге механизмдерді қолға алу керек. Әлемдік практика денсаулық сақтау саласында күресу құралдарын қолдануда локдаундар мен карантиндік шаралар енгізу басым. COVID-19 салдарынан экономикалық қызметке қайтадан ауқымды шектеу енгізуге жол бермеген жөн, өйткені шектеулер қала бизнесі мен экономикаға теріс әсер етуде.

 Сондай-ақ, Максим Барышев өз сөзінде Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының бас санитар дәрігерлерінің қаулыларымен қойылған шектеулерге салыстырмалы талдау жасады. Талдау көрсеткендей, бизнесті жабу – пандемияны жеңудің жолы емес.

 «Нұр-Сұлтан қаласында білім беру орталықтары, сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сұлулық салондары, көтерме-бөлшек азық-түліктік емес базарлар, фитнес-орталықтар және спорт нысандары, қоғамдық тамақтану орындарына жұмыс істеуге рұқсат берілсе, Алматы қаласында бұл нысандарға тыйым салынған. Ауру жұқтыру саны төмендемей, керісінше өсіп жатқанда бизнесті жабуға қатысты шаралар қаншалықты тиімді?» – деп сауал тастады Өңірлік кеңестің төрағасы.  

 Нұр-Сұлтан қаласында жұмысына рұқсат берілген кәсіпорындар бақыланып, карантинді ұстануға қатысты қатаң қадағаланып жатыр. Ал оңтүстік астанада, керісінше, шектеулер мен тыйымдар кәсіпорындардың көлеңкелі жұмыс істеуге итермелейді, мұндай жағдайда санитарлық талаптарды бақылау қиын.

 Сондай-ақ, өзінің үндеуінде Максим Барышев тапсырысқа тағам дайындайтын жабық кафелер туралы мәселе көтерді. Қоғамдық тамақтану қауымдастығының мәліметтері бойынша, локдаунда мекемелерде тауар айналымы күніне 70-90% төмендейді. Сонымен бірге жеткізу тапсырысы бойынша жұмыс істейтін жұмысшылардың еңбекақысы бірнеше рет төмендетілді. Локдаун салдарынан орташа чек екі есе төмендеген, ал жеке жалға берушілер жалдау құнын азайтудан бас тартып жатыр.

Айта кету керек, сәуір-мамыр айларында қасиетті Рамазан айында мейрамханалардың кірісі азаяды. Нәтижесінде міндеттемелер бойынша кассалық жетіспеушілік туындап, қоғамдық тамақтану нысандарының иелеріне несие алуға тура келеді.  Қоғамдық тамақтанудың жабылған нысандары адамдардың пәтерлер, коттеджерде жиналуына әкеледі, адамдар жиын өткізіп, топтасып, ұзақ уақыт бойы тығыз байланыста болады.

 Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы жүргізген сауалнама қазіргі кезде Алматы қаласындағы бизнес субъектілерінде кірістен шығын көп екенін көрсетті (шығындар арасында үлкен айыппұлдар да бар), сауда саласындағы кәсіпорындардың басым бөлігінде табыс нөлге тең.

 Мәселелердің бірінші пулы карантинге және қатаң шектеу шараларына қатысты, кәсіпкерлер көп сауал қойды: несие, салық, еңбекақы, коммуналдық төлемдерді кіріссіз қалай төлеуге болады? Сұрақтардың екінші пулы локдауннан шыққаннан кейін туындады, өйткені бизнес өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға сәйкес өзгерген және үнемі өзгеріп жатқан шектеулерге тап болуда.

 Мемлекеттік қолдауға қатысты кәсіпкерлердің барлық жауаптарын талдаса, оларды шартты түрде үш блокқа бөлуге болады: жалдау және коммуналдық төлемдерді төлеуге қаражаттың болмауы (респонденттердің 59%-ы); еңбекақы төлеуге қаражаттың болмауы (респонденттердің 54,2%-ы); салық және басқа да төлемдерді төлеуге қаражаттың болмауы (респонденттердің 37%-ы).

 «Біз мемлекеттік қолдаудың келесі шараларын енгізуді ұсынамыз: тыйымдар мен шектеулер уақытында қызметкерлердің еңбекақысы мен жалдау құнына бюджеттен тікеле қаржыландыру; бизнес қызметіне тыйым және шектеу енгізу кезеңінде салық және басқа да міндетті төлемдерді алып тастау;  несиелер бойынша жеңілдікті стакалар енгізу. «Шектеулер кезеңінде жұмыс» міндетін шешуге егжей-тегжейлі көңіл бөлу керек, өйткені пандемия қашан бітіп, қала қалыпты тіршілікке қашан оралатынында нақтылық жоқ», – деп атап өтті өз үндеуінде Алматы қаласы ӨКП Өңірлік кеңестің төрағасы.

Максим Барышевтің айтуынша, кәсіпорындардың мәжбүрлі тоқтап тұруының әр күніне бюджеттен тікелей төлемдер жасаудың бюджеттік көздері мен механизмдерін ойластыруды қолға алу қажет. Атап айтқанда: еңбекақы, жалдау құны, несие болса несиенің бір бөлігін жабу және айыппұлдар мен өсімақыға жол бермеу.

 «Ол үшін 250 мың азамат жұмыс істейтін 50 мың кәсіпорынның жұмыссыз тұрғанын өтеу үшін Республикадан қалаға күніне 2 млрд теңге мөлшерінде қосымша бюджет бөлуді талап етіледі», – деп түйді Өңірлік кеңестің төрағасы.

 Бұдан бөлек, Максим Барышев қызметіне тыйым немесе шектеу салынған кәсіпорындарға корпоративті табыс салығын төлеу бойынша кейінге шегерім беруді сұрады. Салық төлеу мерзімдері жақындап қалды, ал бизнесмендерде оған қаражат жоқ.

 Өз сөзін қорытындылай келе, Максим Барышев бизнес егер мемлекеттен қаржыландыру берілсе қиындықты еңсеретінін айтып, бизнес мәселелерін кейінге қалдырып, кәсіпкерлерді проблемалармен бетпе-бет қалдырмауды сұрады.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер