«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

12 сәуірде Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесіне онлайн-дауыс беру басталды

2021 жылғы 12 Сәуір
- Жамбыл облысы
6356 просмотров

Бүгіннен бастап 16 сәуірге дейін https://vote.atameken.kz сайты арқылы онлайн форматта дауыс беруге болады

Кандидатқа сәйкес өңірде тіркелген кәсіпкерлік субъектілері дауыс беруге құқылы. Дауыс берудің тура осындай процедурасы қауымдастықтар мен өзін-өзі реттейтін ұйымдарға да қарастырылған. Әркім жетекшінің атынан бір кандидатқа дауыс бере алады. Өңірлік кеңеске барлығы бизнес-қоғамдастықтан 28 өкіл өтеді.

Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Өңірлік кеңес мүшелігіне сайлауға қатысуға өтініш берген 92 кандидат ішінен 91 өтінім мақұлданды. Бұл Ұлттық палатаның талаптарына сәйкес келген және қажетті құжаттардың толық топтамасын өткізген кандидаттар. Осылайша бір орынға байқау орташа есеппен  4-5 адамды құрайды. 

Еске салсақ, өңірлік кеңес мүшелігіне үміткердің ең жасы – 27 жаста, үлкені – 78 жастағы азамат. Кандидаттардың орташа жасы – 49 жас.
Кандидаттар саны ауыл шаруашылығы саласынан басым – 27 өтінім, өзге де қызметтер бойынша 19 өтінім, өңдеу өнеркәсібі  – 12 кандитат, сауда саласы  – 11 өтінім, әлеуметтік сала – 10 адам, құрылыс саласы бойынша 7 өтінім және көлік және логистика – 3 өтінім.

Барлық кандидаттарға сайлауда сәттілік тілейміз!


Еншілес ұйымдар

Серіктестер