«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкер мемлекеттік сатып алу нәтижесімен келіспейді

2021 жылғы 20 Сәуір
- Жамбыл облысы
2917 просмотров

Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында өткен жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі комиссиясының кезекті отырысында «Дулат» шаруа қожалығының басшысы Ерболат Альменбетов мемлекеттік сатып алу байқауының шешімімен келіспейтінін айтты.

Өңірлік Палатаға кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғау туралы сұранысымен «Дулат» шаруа қожалығының мемлекеттік сатып алу рәсімдеріндегі Тапсырысшылардың заңсыз әрекетіне арыз шағымы келіп түскен болатын. «Дулат» шаруа қожалағы ағымдағы жылдың 24 ақпаны №5418275-1 азық түлік тауарларын сатып алу бойынша конкурс рәсімдеріне қатысқан.

«Ұпайлардың жиынтық санын есептей келе, конкурс рәсімдерінің жеңімпазы анықталады. Алайда, Тапсырыс беруші – «Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімінің № 43 «Еркеназ» бөбекжайы» мекемесімен «Дулат» шаруа қожалығына қатысты отандық тауар өндірушілер үшін тауарларды ерікті сертификаттау құжатының болғандығы ескерілмегеніне сәйкес, тиісті ұпайы берілмеді» – дейді «Дулат» шаруа қожалығының басшысы Ерболат Альменбетов.


Дәл осы жағдай, 26 ақпанда азық-түлік тауарларын сатып алу конкурс рәсімдерінде де орын алған. Тапсырысшы: «Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімінің «№19 Ясли-сад бөбекжай».

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті камералдық бақылау бөлімінің басшысы Ербол Беков аталған шаруа қожалықтың байқауға өткізген құжаттар тізімі толық болған жоқ және ұпайлар саны дұрыс саналды деген пікір айтты.

Комиссия отырысында Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ернұр Нұржігітов мемлекеттік сатып алу рәсімдеріндегі наурыз айының жергілікті қамтудың көрсеткіштеріне тоқталып өтті. Қарапайым заттар экономикасы салаларына жататын өнеркәсіптің 8 бағыты бойынша ағымдағы жылдың 1 тоқсанына жергілікті қамту көрсеткіші 29%-ды құрап отыр. Барлығы 5,8 млрд теңгеге аталған 8 бағыттың тауарларын сатып алу жоспарланған, оның 448 млн теңгесіне (13,0%) нақты сатып алу орын алған. Сатып алынған тауарлардың ішінде отандық тауарлардың үлесі 128,9 млн теңгені немесе 29,0%-ды құрады.

«Жергілікті қамту көрсеткішін алдыңғы ақпан айының есептерімен салыстырғанда проценттік көрсеткіш 25%-ға өсіп отыр. Бірақ, сонда да бюджеттік бағдарлама әкімшілері және Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің толыққанды және уақытылы есептері ұсынылмаған, салдарынан жергілікті қамту көрсеткіші айтарлықтай төмендеп отыр. Ұсынбаған бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне тиісті шараларды қолдануыңызды сұраймын», – деп өтінді Ернұр Нұржігітов.


Сондай-ақ, құрылыс нысандарындағы Мердігер тарапынан қолданып жатқан құрылыс материалдарын жергілікті қамту көрсеткіштері – Құрылыс, Энергетика, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, Білім басқармаларының ұсынған есептеріне сәйкес  0%-ды құрап отыр.
Сонымен қатар, Экономика басқармасының ұсынған мәліметіне сәйкес Жұмыспен қамтудың жол картасы  бағдарламасы бойынша құрылысы жүргізіліп жатқан нысандар бойынша сомасы 16,8 млрд теңгені құрайтын 45 нысан жоспарланған. Алайда, бюджеттік бағдарлама әкімшілері әлі де мәліметтерін ұсынбаған. Орын алған жағдай бойынша ақпаратты жинақтап ұсыну бойынша тиісті басқарманы бекіту қажет. Бұл өз кезегінде, Жамбыл облысының Республика деңгейіндегі көрсеткіштерінің төмендеуіне әкеліп соғады.

«2021 жылға суммасы 259 млн теңгені құрайтын 14 құрылыс нысандарында негізсіз бір көзден сатып алу рәсімдері ұйымдастырылған. Орын алған бұзушылықты растау мақсатында, Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне аудиторлық тексеріс ұйымдастыруын ұсынамын», – деп атап өтті Ернұр Нұржігітов.

Отырысты қорытындылай келе, Жамбыл облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне объективті шешім қабылдау үшін «Дулат» ШҚ үндеуін бақылауға алу, аудиторлық тексерудің қорытындысы бойынша әлеуетті жеткізушіге конкурстық комиссияның заңды немесе заңсыз шешімдері туралы түсіндіру, сондай-ақ, конкурстық комиссия тарапынан бұзушылықтар анықталған жағдайда-конкурстық комиссияның құрамын жауапкершілікке тарту  және жеңімпаз бен Тапсырыс беруші арасында жасалған шартты бұзу туралы шешім қабылдау ұсынылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер