«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бастау: Ақтөбе облысында бизнеске онлайн оқытудың алғашқы легі басталды

2021 жылғы 26 Сәуір
- Ақтөбе облысы
6290 просмотров

26 сәуірден бастап елімізде "Бастау Бизнес" оқыту курсы басталды. Ақтөбе облысы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқытудан 1 200 тұрғын өте алады. Өткен жылдағыдай "Atameken Academy" онлайн-платформасы арқылы қашықтықтан оқыту қарастырылған. Бірінші ағымда кәсіпкерлік негіздері бойынша 600 адам оқиды.

Кәсіпкерлік қызмет негіздерін оқыту бірнеше кезеңнен тұрады.

"Бизнес-жоспар құру, салықты түсіну және сатуды арттыру идеясын анықтау — мұның бәрі бастаушы кәсіпкер үшін оңай емес. Кәсіпкерлікке оқыту бойынша "Бастау Бизнес" жобасы бизнесті бастауға көмектеседі. Қатысушыларды тіркеу atameken.co ҰКП жүйесінде жүргізілуде. 600 тыңдаушының алғашқы легі 26 сәуірден басталды. Олармен бизнес-тренерлер және аудандар мен қалаларда осы жобаны сүйемелдейтін кеңесшілер жұмыс істейді. Жалпы, 5 лек бойынша оқыту ұйымдастырылады және ағымдағы жылдың қыркүйегіне дейін жалғасады. Карантиндік шараларға байланысты оқыту 21 күн ішінде онлайн форматта өтеді. Одан кейін  қорытындысы бойынша сертификат беріледі. Осы сертификатпен жоба түлегі 200 АЕК көлемінде өтеусіз грант немесе 6% жеңілдікпен несие алуға үміткер бола алады", - деп атап өтті ӨКП КҚКО қаржылық емес қолдау бөлімі бастығының м.а. Лаззат Жаманқұлова.

Оқуға жұмыссыздар; еңбекке жарамды мүгедектер; жастар, соның ішінде NEET санатындағы қыз-жігіттер; аз қамтылған және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері; зейнет жасына жетпеген ауылшаруашылық кооперативтерінің мүшелері, шаруа мен фермерлік қожалықтар, оның ішінде якорлық кооператив мүшелері; қоныс аударғандар мен қандастар қатыса алады.

«Жобада оқу үшін қатысушылар жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, халықты жұмыспен қамту орталықтарына оқуға өтініммен жүгінуі қажет. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жобаның нысаналы тобына сәйкестігіне үміткер мәртебесі расталған кезде оқытуға жолдама береді. Содан кейін үміткерлер https://atameken.co сайтта өз бетінше электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы тіркеуден өте алады  немесе өңірлік палата жанындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет», - дейді Лаззат Жаманқұлова.

Айта кету керек, мемлекеттік қызметкерлер кәсіпкерлік қызметпен айналыса алмайды, сәйкесінше курсқа қатыспайды. Сонымен қатар бала күтімімен демалыста жүрген аналар мен орта арнайы оқу орындары мен ЖОО студенттері де курсқа қатыса алмайды.

«Бастау Бизнес» оқу ұзақтығы - 21 күн.

Ақтөбе облысында "Бастау Бизнес" оқыту 5 кезеңнен тұрады.

 

           Ақтөбе облысы бойынша 2021 жылға арналған

         «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыту кестесі

Кәсіпкерлер палатасының директоры Сұлупан Шынтасова атап өткендей, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды "Атамекен" ҰКП "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017 жылдан бастап жүзеге асырып келеді.

"Өткен жылдың өзінде өңірдің 1404 жұмыссыз және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлері бизнестің қыр-сырын үйренді. Өткен жылдары аяқтағандарды ескере отырып, жоба бойынша оқытылғандардың ішінен жалпы сомасы 1036,0 млн.теңгеге 1006 адам қаржыландыру алды. "Бастау Бизнес" жобасы жүзеге асырылғаннан бері Ақтөбе облысында 9 345 адам оқытылды", - дейді ӨКП директоры.

"Бастау Бизнес" жобасы бойынша оқытуға қатысудың барлық мәселелері бойынша келесі байланыс нөмірлері бойынша кеңес алуға болады: +7 /7132/ 744-615 (іш.1514), +7 775 550 9003 ("Атамекен" Кәсіпкерлер Палатасы), +7(7132) 41-73-29 ( Ақтөбе қ. жұмыспен қамту Орталығы).

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер