«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Еркін Атымтаев Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының директоры болып тағайындалды

2021 жылғы 18 Мамыр
- Жамбыл облысы
11727 просмотров

Жаңа басшысыны ұжымға «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықов және Жамбыл облысы Кәіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Мұқаш Ескендіров таныстырды.  

 «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кеңесінің 2021 жылғы 17 мамырдағы №35 шешімімен Өңірлік кеңестің келісімімен Атымтаев Еркін Садуахасұлы Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының директоры болып тағайындалды

 Еркін Атымтаев 1985 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Мамандығы бойынша инженер, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін тәмамдаған.

 Еңбек жолын 2008 жылы Ақтау қаласында жеке компанияда инженер қызметінен бастады. 2011-2011 жылдар аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақэнергиясараптама» АҚ, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, «Электр және электрмен жабдықтауды дамыту институты» АҚ-та сарапшы, «KazProdEnergy» ЖШС директоры қызметін атқарды.

 2014 жылдан бастап 2020 жылға дейін Жамбыл облысы әкімінің көмекшісі, бас маман, ҚР Премьер-Министрінің кеңсесінде бас сарапшы, ҚР-дың Қырғыз Республикасындағы Елшілігі және ҚР Сыртқы істер министрлігінде аға референт қызметін атқарды.

 2020 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Қазселденқорғау» ММ Алматы қаласы филиалының басшысы, Жамбыл облысының кәсіпкерлік және инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары және Жамбыл облысының «Жобалық басқару және цифрландыру орталығы» КММ басшысы болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер