«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Әділдік пен теңдік – «Жаңа Қазақстанның» бағдары

2022 жылғы 31 Мамыр
- Жамбыл облысы
5755 просмотров

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында - Конституцияның үстемдігі идеясына, оның қағидаттарын қорғау мен қатаң сақтауға, адам мен азамат құқықтарының басымдығына назар аударды.

Осыған байланысты, Жамбыл облысының Кәсіпкерлер Палатасы және аудандық филиалдары, сондай-ақ, Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің төрағасы Мұқаш Ескендіров Зұлқарнайұлы және Өңірлік кеңестің мүшелері Саурықов Ерболат Байұзақұлы, Акчалова Айгүл Сағынбекқызы, Жүнісова Фарида Амансариқызы, Сәрсембаев Талғат Ахметбекұлы облыстық референдум өткізу жөніндегі Жамбыл облыстық штабының мүшелері ретінде халықпен, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы конституциялық реформа аясында қарастырылған бастамалары бойынша түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуде.

Қазіргі уақытта референдумның маңыздылығы - қоғамның барлық санаттарына саяси реформаларды жүзеге асыруға қатысуға мүмкіндік береді.

Жаңа Қазақстан – бұл жай ғана ұран емес, біз үшін бұл жаңа қоғам құру қағидаты.

Референдумға санаулы күндер қалды. Республиканың әрбір азаматы өз үлесін қосуға және өз таңдауын жасауға мүдделі. Қазақстан жұртшылығы бүкілхалықтық дауыс беру күнін күтеді.

Әркім өз таңдауын жасауы керек!


Еншілес ұйымдар

Серіктестер