«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық кәсіпкерлер техникалық регламенттерді қолдануға қатысты бірқатар ескертулер мен ұсыныстарын білдірді

2023 жылғы 21 Желтоқсан
- Павлодар облысы
7857 просмотров

Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасында өнеркәсіп, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі салалық кеңестің отырысы өтті

Кездесу тақырыбы "Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентті қолданудың өзекті мәселесі болды.

Салалық кеңестің отырысына Павлодар облысы әкімінің орынбасары Дәурен Жамбайбек, ӨКП директоры Ерқанат Әбенов, уәкілетті мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер өкілдері қатысты.

Бизнес пен мемлекеттік органдардың өкілдері техникалық регламентті қолдану бөлігінде өндірістік процестердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіретін бірқатар ескертулер айтты.

Мысалы, "Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентте Еуропалық Одақтың стандарттарын ұлттық стандарттарға ауыстыруы ұсынылды.

"Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ Павлодар филиалы өнімдері мен қызметтерінің сәйкестігін растау бөлімінің басшысы Сәуле Ысқақованың айтуынша, стандарттау жөніндегі құжаттардың тізбесіне ерікті негізде қолдану нәтижесінде техникалық регламент талаптарының сақталуы қамтамасыз етіліп, ҚР СТ ЕN 206 "Бетон. Техникалық талаптар, көрсеткіштер, өндіріс және сәйкестік".

"Бұл жағдайда МеМСТ 26633-ке сілтеме жасау қажет деп санаймын "Бетондар ауыр және ұсақ түйіршікті. Техникалық шарттар", өйткені ЕN - Еуропалық Одақтағы стандарттар жүйесі", - деді Сәуле Ысқақова.

Сондай-ақ, кәсіпкерлер үлгілік жобалық құжаттамаға сәйкес темірбетон конструкцияларын отқа төзімділік көрсеткіштері бойынша сынау өндіріс процесінде көзделмегендігіне байланысты конструкцияларды отқа төзімділік көрсеткіштері бойынша сынау кезеңділігін белгілеуді ұсынады, өйткені бетонның беріктігі, конструкциядағы арматураның мөлшері мен жағдайы бойынша талаптарды сақтаған кезде үлгілік жобада белгіленген отқа төзімділік мәні қамтамасыз етіледі.

Қажет болған жағдайда кәсіпкерлер сынақтарды фото - бейнетіркеуді жүргізуді немесе мүлдем алып тастауды сұрайды.

"Ертіс" ДСК" ЖШС бас технологы Наталья Свищникова еуростандартқа бетонның маркалары мен клаастары бойынша кестені ауыстыру туралы ұсыныспен шықты.

"Біздің ұйым қаланың құрылыс алаңдарына жеткізілетін тауарлық бетон қоспасын шығарады. Қазіргі уақытта жобалаушылар жобаларды әзірлеу кезінде еурокодтар мен бетон маркаларын пайдаланады, тиісінше, еурокодтар бойынша төсейді. Бетон қоспасын өндірушілер өнімді ГОСТ бойынша сертификаттайды, ал бетон қоспасының барлық құжаттамасы (сапа сертификаттары, төлқұжаттар) бетон кластары бойынша жіктеуге сәйкес беріледі. Бетон қоспасын тұтынушылармен қайшылық туындайды, өйткені олар жобаға енгізілген маркаларға сәйкес құжаттарды талап етеді, ал өндірушілер сапа сертификаттарына сәйкес маркаларды ұсынады", - деді Наталья Свищникова.

"Ертіс" ДСК" өкілі бетон қоспасын жасаушылар мен тұтынушылар арасындағы қайшылықты заңнамалық деңгейде жоюды сұрайды.

"Кәсіпорын жеңіл бетоннан полистирол бетоннан бұйымдар шығарады. Біздің өнімдер заманауи тиімді материал болып табылады және нарықта сұранысқа ие. Еуро стандартының жіктелуінде беріктігі бойынша мұндай класстар жоқ. Біз өз өнімдерімізді қалай сертификаттаймыз?",- деп сұрайды Наталья Свищникова.

Салалық кеңестің отырысында айтылған барлық мәселелер мен ұсыныстар жұмысқа қабылданды, сондай-ақ Құрылыс және жер қатынастары департаментіне, сондай-ақ "Атамекен" ҰКП Мұнай-газ секторы және экология департаментіне жіберілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер